«Жас қанат 2012» – Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы

«Жас қанат 2012»

21.05.2012

«Жас қанат – 2012» жас орындаушылардың Республикалық ХХI байқауы үстіміздегі жылдың 18-20 мамыры аралығында болып өтті.
«Жас қанат» жас орындаушылардың Республикалық байқауы 1992 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Алматы қаласында дәртүлі өткізіліп келе жатқан байқауды, 2001 жылы Астана қаласы әкімдігі ел астанасында өткізу жөнінде шешім қабылдады. Өткізілген байқауларға еліміздің түрлі облыстарының 300 астам дарынды әртістері қатысқан, солардың ішінде: Ерлан Көкеев, Медеу Арынбаев, «Үркер» тобы, Бахыт Шадаева, Құрмаш, Бақытжан Қажымұқанов, Нұрлан Абдуллин, Бауыржан Исаев, Алтынай Жорабаева, Жанна Орынбасарова, Мәдина Садуақасова, және т.б. Олардың көбі халықаралық байқауларда еліміздің намысын қорғаған. Байқаудағы әділ қазылардың төрағалары: Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Төлеген Мұхамеджанов, Кеңес Дүйсекеев, Сейдолла Бәйтереков, Шөмішбай Сариев. Ал, қазылар алқасының жұмысына қатысқандар: Нұржамал Үсенбаева, Сара Тыныштығұлова, Мақпал Жүнісова, Байғали Серкебаев, Талғат Сарыбаев, Роза Рымбаева және т.б.
Осы жылы байқауға алғашқы рет 100 астам жас үміткер қатысты. Олардың ішінен ұйымдастырушылар 16 қатысуышыны таңдады.
Бұл жолы олар Астана, Ақтөбе, Аягөз және Курчатов (ШҚО), Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал қалаларының намысын қорғады. Байқауға қатысушылардың барлығы музыкалық білімі бар немесе музыкалық оқу орнында оқиды, кәсіби концерттік ұйымдарда жұмыс жасайды. Олар осы байқауға дейін басқа да әр түрлі деңгейдегі республикалық және халықаралық байқауға қатысқан жас әртістер. Сондықтан, «Жас қанат» – кәсіптенген орындаушылардың байқауы.
Әдеттегідей, қатысушылар үш күн ішінде үш кезеңнен өтті. Бірінші байқаудан соң қазылар алқасы келесі күнде жартылай финалда жарысты жалғастыратын 10 жас орындаушыны анықтады. Ең дарынды 5 қатысушы финалда басты лауреаттық наградаларға – алтын, күміс, қола «Қанаттарға» таласса, қалған екі қатысушы байқаудың дипломанттары болды.
Ереже бойынша, ширек финал мен жартылай финалда қатысушылар бір әннен орындаса, осы жылдың жаңа енгізілмесі финалға шыққан 5 қатысушы екі әннен орындады. Бұл байқауды қыздыра түспей ғана, қазылар алқасына жеңімпаздарды әділ таңдауда ықпалын тигізді.
«Жас қанат» өнер жолына қадам басып келе жатқан жас орындаушыларға Үлкен Сахнада даңқтың дәмін татуға тағы да мүмкіндік береді. Қазақ әншілерінің ұрпақтары осы бірегей байқаудың арқасында қазіргі таңда қазақстандық шоу-бизнесте күн астындағы орындарын тапқан.
Айтпақтай, қатысушылардың үштен бір бөлігі байқаудан 2-3 жылға үлкен болса, тағы бір үштен бір бөлігі байқаудың құрдастары, қалған үштен бір бөлігі Жас қанаттан жас.
Байқаудың алғашқы күнінде жасқанаттықтар Астана қаласының Мәдениет басқармасының бастығы МАЖАҒҰЛОВ Болатпен кездесіп, достық тілегін тыңдады. Қатысушыларды құттықтай отырып, Мажағұлов Болат айта кетті: «Мәдениет басқармасының бастығы ретінде «Жас қанаттың» қатысушыларымен екінші рет кездесіп тұрмын. Болашақта қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары болатын дарынды балаларды көргеніме шексіз ризамын. Осындай жетістікке жету үшін көп еңбектену керек, сондықтан сабырлық пен жігерлікті тілеймін. Дегенмен, сендер үлкен іріктеуден өттіңдер, сендер жеңімпазсыңдар, сендер бүкіл елге өздеріңді таныта алатын мүмкіндікке ие болдыңдар, себебі байқау бүкіл елге көрсетіледі!» Кездесуді аяқтай келе, Болат Бауыржанұлы «Жас Қанат» – Қазақстанның Тәуелсіздігінің құрдасы, алдағы уақытта отыз жылдық, елу жылдық мерей тойларды бірге тойлай берейік!» – деп, ұйымдастырушыларға зор денсаулық тілей отырып, еліміздің мәдени дамуына үлес қосып келе жатқандары үшін алғыс білдірді.
Жасқанаттықтарға басты оқиғалардың бірі болып саналатын байқау алдындағы бір апта бұрын болған жеребе салу. Қатысушылар жабық конверттерден өздерінің байқаулық тағдырларын таңдаған жеребе салу Бәйтеректе өтті. Басты сыйлық – алтын, күміс, қола қанаттарға қарап тұрып қатысушылар өздерінің реттік санын ашты. Көпшіліктің назарына ұсынылған тағы бір сыйлық байқаудың ақпараттық серіктестіктері «Хабар» және «Астана» телеарналары ұсынған әнді теле- және радио эфирлеріне ақысыз шығару сертификаты болды.
Жеребе салу аяқталғаннан кейін жасқанаттықтар дәстүр бойынша «Жас қанат» аллеясына ағаш отырғызуға аттанды. Ағаш отырғазу барысында әр жас орындаушы ағаштың тамырымен қоса өзінің тілегі жазылған капсуланы қоса егеді. Бұл дәстүр жас музыканттардың жаңа шығармашылық жолдарының бастауының нышаны.
Байқау апталығының толқытатын, ең жауапты жеребе салу алдында жасқанаттықтар астанада экскурсияда қызықты уақыт өткізді. Бұл экскурсия астананың көз тартар орындарын көрсетіп қана қоймаой, қатысушылар арасындағы достық қарам-қатынас туғызуға ықпалын тигізді.
Жартылай финалды орындаушылар әр түрлі жанрдағы әнддерді айтып дауыстарының түрлі бояуын көрсете алды.
Ұйымдастырушылар қатысушылар мен көрермендерге әділ қазылар алқасын таныстыру үстінде арнайы бейне роликті көрсетіп, ең алғашқы байқауда қазылар алқасының төрайымы болған Бағланова Роза жайлы айтып өтті.
Көрермендер бейне роликтің алғашқы кадрларын көріп, оның әндерін естігенде орындарынан филімнің соңына дейін тұрып қол шапалақтады. Тағы бір әншіден қалған естелік студенттік хор орындаған «Ах, Самара-городок!» әні.
Осы жылы әділ қазылар алқасының төрағасы ҚР Парламентінің сенаторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сазгер Төлеген Мұхамеджанов болды. Сондай-ақ, байқаудың қазылар алқасы құрамында: Кеңес Дүйсекеев, Мұрат Құсайынов, Рахат Жақсыбай, Нұржамал Үсенбаева, Абзал Мұхитдинов, Серік Еркімбеков, Майра Даулетбак, Бахыт Шадаева, Жанар Колбачаева, Болат Мажағұлов, Мұрат Ырғалиев болды.
Қатысушылар қазіргі заман, этникалық мотивтегі, әр түрлі тілдегі халық әндерін орындады.
Байқау аяқталып, жиырма бірінші «Жас қанат» байқауынынң алтын, күміс, қола қанаттардың иегерлері анықталды:
1. Димаш Құдайберген, Ақтөбе.
2. Гулнәр Дамаева.
3. Кулайым Каирбаева, Курчатов.
«Жас қанат – 2012» байқауының жеңімпазы алғашқы күндерден бастап «Я ЛЮБЛЮ ТІЛЬКИ ТЕБЕ» и «SOS d’un terrien en detresse» сияқты күрделі әндерді тамаша орындауымен көрермендер мен қазылар назарында болды. Оның жеңісі байқауды басынан бастап көрген көрермендерге анық, себебі екінші күні қазылар алқасы Димашқа бір дауыспен жоғарғы 180 балл берді.
Гүлнәр Дамаева – күміс қанаттың иегері, «қазақтың Мирей Метьесі», ал Күлайым Қайырбаева болса, атақты «Rolling in the deep» әнін тамаша орындауымен қола қанатқа иеленді.
Қарағанды қаласынан келген қатысушы халық батыры Әлия Молдағұлованың бейнесін сомдап ән айтқан Гүлсім Мырзабекова төртінші орынға және Қызылорда қаласынының намысын қорғап, «Hit the road Jack» әнін орындаған Ақмаржан Байназарова бесінші орынға ие болды.
Ұйымдастырушылар мен демеушілер жартылай финал мен финалға шықпай қалған қатысушыларды да сыйлықсыз қалдырған жоқ. Көбі танымал телеарналар мен радиостанцияларда әнді ақысыз шығару сертификаты, басқалары ақшалай сыйлыққа және сувенирлерге ие болды.
«Жас қанат» жиырма бірінші байқауының қатысушылары туған қалаларына оралады, дегенмен, естеліктер, тәжірибелер ешқашан ұмытылмайды. Апта бойы олар достық қарым-қатынаста еңбек етіп, дұрыс ән таңдауға, әнге сәйкес дұрыс костюмдерді таңдауға үйренді, сонымен қатар, көрермендерге көктемнің шуақты соңғы айында жастықшақтағы әндерін еске алдырып, көңілді уақыт өткізді.