Болат Мажағұлов Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығын басқарады

14.07.2018

Қазақстан джиу-джитсерлерлерінің кезектен тыс конференциясында қауымдастықтың жаңа президенті сайланды. Бұл қызметке Токиодағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, бразилиялық джиу-джитсуден көк белбеудің иегері Болат Мажағұлов тағайындалды. Қазақстан Республикасының джиу-джитсу қауымдастығының жаңа жетекшісі Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы болып табылады.

Қазақстан Республикасының джиу-джитсу қауымдастығы елімізде аталмыш спорт түрін дамыту мақсатында құрылды. Қауымдастық қызметі Қазақстанның ұлттық комитетімен танылып, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетімен аккредиттелген. Сонымен қатар, Қауымдастық Халықаралық джиу-джитсу федерациясының (JJIF) мүшесі болып табылады.

Қауымдастық құрамына Қазақстанның 16 облысының және Астана мен Алматы қалаларының федерациялары кіреді. Он мыңнан аса спортшы, жаттықтырушы және спорттық төреші Қауымдастыққа мүше болып табылады. Джиу-джитсуден ұлттық құрама халықаралық аренада жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, сәтті өнер көрсетуде. Қазіргі кезде спортшылар Джакартадағы (Индонезия) Азия ойындарына дайындық үстінде.