Гобоишы Ислам Әлиев «Шабыт» фестивалінің абсолютті жеңімпазы атанды

12.11.2018

Гобоишы Ислам Әлиев ХХІ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің Президент кубогының иегері атанды. Биылғы фестивальдің жеңімпазы «Классикалық музыка: ағаш үрмелі аспаптар» номинациясында да Гран-при алды.

Фестиваль жеңімпаздарын марапаттау салтанаты Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.

«Шабыта» байқауының бас жүлдесін – ҚР Президентінің кубогын Исламу Әлиевке елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев табыстады.

– Байқауда елорданың жетекші алаңдарына басқа мемлекеттерден келген талантты адамдармен, құрдастарыңмен кездестіңдер. Бүгінде «Астана» концерт залы, «Жастар» театры және Бейбітшілік және келісім сарайы, өнер университеті еліміздегі жетекші шығармашылық алаңдар болып табылады, – деді Ермек Аманшаев фестиваль қатысушыларына. – Байқаудан жақсы әсер алдыңыздар. Оны ешқашан да ұмытпаңыздар. «Шабыт» секілді өнер мен мәдениет саласындағы керемет байқаудың өтуімен құттықтаймын.

Президент кубогының иегері 23 асар Ислам Әлиев бұған дейін де «Шабытта» бағын сынаған. Екі жыл бұрын ол «Классикалық музыка» номинациясында үшінші орын алған болатын. Бірақ ол мақсатына жетуді ұйғарды.

– Сыйлыққа қол жеткізгенімен қуаныштымын. Бүгін гала-концертте керемет орындаушыларды көп естідім. Байқауға қатысушылар арасында осындай номинацияда көш бастағаныма қуаныштымын, бұл мен үшін аса маңызды, бұл мен үшін, менің жақындарым үшін үлкен жеңіс. Болашақта қазақстандық үрмелі аспаптар мектебін жамытпақпын, сабақ беріп, симфониялық немесе опералық оркестрде ойнаймын, сондай-ақ, түрлі мемлекеттерде түрлі алаңдарда концерт қоямын деп ойлаймын, – деді биылғы фестивальдің жеңімпазы.

Еске салайық, биыл фестиваль 5 негізгі номинация бойынша өткізілді, олардың кейбірі бірнеше бағытта ұйымдастырылды.

Мейіржан Кеңесбаев, Айя Ғаббасова, Леонид Мысовский, Бағжан Есіркеп енген квартет үздік камералық ансамбль (Гран-при) деп танылды. «Соқпалы аспапта» Арыстан Әбілдин Гран-при иеленді. Би ұжымдары арасында қазылар алқасының шешімімен елордалық «Наз» би театрына жоға баға берілді. Вокалистер арасында Ахмет Сұлтан топ жарды. «Қазақстан» телеарнасының журналисті Нартай Сәрсенғалиев «Журналистика» номинациясында гран-приге қол жеткізді.

Үстіміздегі жылы «Халық музыкасы» номинациясы үш секциядан құралды: «қобыз», «прима-қобыз», «домра-прима, шертер, бас-шертер». Байқау қорытындысы бойынша Шолпан Шарапатова үздік қобызшы атанды, «Шертер, бас-шертер» категориясында гран-приді Әділхан Годжанов, ал «прима-қобыз» секциясында Айым Мейірханова иеленді.

Таңертең Қазақ ұлттық өнер университетінің Ж.Жабаев атындағы залында шығармашылық байқаудың жеңімпаздарының есімдері жария етілді.

«Классикалық музыка» номинацияда камералық ансамбльдер арасында SARDOR ішекті аспаптар квартеті бірінші орын алды. Күміс жүлде «ANOR» ішекті аспаптар квартетіне және Елена Ким, Бурхан Дайрабай, Марина Пен, Мерей Абиырдың саксофонистер квартетіне берілді. Қола «Тенгри» триосына, үрмелі аспаптар мен фортепиано квинтетіне берілді: Мария Ященко, Калкаман Дюсембаев, Владимир Ардашев, Ильмира Ардашева, Тлек Дауткан, Хадиша Елибаева, сондай-ақ, Айсұлу Джанаханова, Шернияз Назаров, Еңлік Оразалі, Аида Кайчибекова, Расул Нуртазиннің үрмелі аспаптар квинтетіне.

«Классикалық музыка: мыс үрмелі аспаптар» секциясында Азат Әбілқасымов үздік атанса, Дидару Мейірхан екінші, Ерасыл Амешов үшінші орында.

Ағаш үрмелі аспапты меңгерген шеберлер арасында Тілек Дәуітқан мен Владимир Ардашев бірінші, Құралай Малимбаева, Ерқанат Данабек екінші, Диана Асқарова, Марьям Тастамбек үшінші орында.

«Классикалық музыка: соқпалы аспаптар» номинациясында Худойберган Бахромов тұғырға көтерілді. Ал Темір Давуров екінші, Зафарджон Нурмухаммадов үшінші орын алды.

«Халық музыкасында» қобызшылар арасында қазылар алқасының шешімімен Мәдина Тілеубаева алтын, Шынар Дүйсенғалиева күміс, ал – Әсену Смайл мен Әсел Қыдырмұрат қола алды.

«Домра-прима» секциясында бірінші орын үшін диплом қазандық Вера Ледяйкинаға берілді. Екініші орын алматылық Кристина Тигайда, қола астаналық Ерзат Молдақұлға бұйырды.

«Шертер, бас-шертер» санатында Баян Мурзабекова (шертер) алтынға қол созса, алматылық Мархаба Бағжан екінші (бас шертер), астаналық Арайлы Бестерек (шертер) пен алматылық Елжас Емберген (бас шертер) үшінші орынға табан тіреді.

«Прима-қобыз» номинациясында Аида Әбдуғали қазылар алқасының жоғары бағасын алса, одан кейін Ұлмекен Шодырова, ал Саида Дюсетаева мен Айнұр Әбжапбар үшінші орында.

«Эстрадалық вокалда» түркістандық Ерік Төленов алтын, украиналық Валерий Хоменко күміс, қола израильдік Нидзаном Голанда.

Хореографияда петропавлдық «Мәңгілік» ансамблі мен елордалық «Шалқыма» би ансамблінің артисі Айсұлу Мұратқалиева бірінші орынды өзара бөлісті. Екінші орында ақтөбелік «Аққу» би ансамблі, «Шабыт» және «Наз» ансамбльдерінің дуэті. Үшінші орында оралдық «Ақжайық» ұжым және қырғызстандық «Шаттық» ансамблі.

Фестивальдің көптен күткен номинациясы «Журналистикада» – үздік телевизиялық сюжеттің авторы Лаура Байбатчанова (Хабар) атанды. Күміс Дулат Әбибуллаевта (Қазақстан), Индира Жылқайдарова (Хабар) үшінші орында.

«Бағдарламалық сюжеттер және деректі фильмдер» санатында Лимара Удасова (Ел.кз) алтын, Әмине Хамит (Хабар 24) екінші, қарағандылық «Сарыарқа» арнасының қызметкері Асылбек Тойбеков үшінші орын алды.

Egemen.kz тілшісі Назерке Жұмабай «интернет ресурстар» секциясында үздік деп танылды. Sputniknews.kz тілшісі Айгюзель Қадыр екінші, Astana-akshamy.kz тілшісі Гүлмира Аймағанбет үшінші орында.

Шерхан Мұртаза атындағы атаулы диплом қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімімен Aikyn.kz тілшісі Динара Тілеубекке табысталды.