Астаналық боксшылар ҚР Чемпионатына қатысуға 10 лицензия ұтып алды. – Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы

Астаналық боксшылар ҚР Чемпионатына қатысуға 10 лицензия ұтып алды.

30.11.2018

Ақсу қаласында (Павлодар облысы) 19-24 қараша күндері аралығында 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының аймақтық чемпионаты өтті. Кадеттер арасында бокстан ҚР Чемпионатына лицензия алу құқығына ие болу үшін «Солтүстік-Шығыс» тобының спортшылары 14 салмақтық санатта күш сынасты. Жарысқа Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарынан және Астана қаласынан 188 спортшы қатысты.

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайында болды. Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ибраев және ҚР-ның бокстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Сатжанов құттықтау сөздерін сөйлеп, спортшыларға жеңіске жетулеріне сәттілік тіледі.

Астана қаласы әкімдігінің «№3 ОРМБЖСМ-нің» құрама командасы құрамында 22 спортшы қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша құрама 1 алтын, 2 күміс және 7 қола медальға иеленіп, 2019 жылдың қаңтарында Өскемен қаласында өтетін ҚР Чемпионатына қатысуға 10 лицензия ұтып алды.

Спортшылардың нәтижелері:

1 орын: Уралбек Абдыкадыров;

2 орын: Бақберген Алиасқаров, Нұрқадам Әбдірештегі;

3 орын: Дулат Амангелді, Бөлекбай Бақдаулет, Ерасыл Сембеков, Дильшат Нұрмағамбетов, Темірлан Темірбеков, Темірлан Аманбек және Темірлан Мұқатаев.