Осы аптада қайда баруға болады – Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы

Осы аптада қайда баруға болады

04.12.2018

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 3-9 желтоқсан аралығында қаладағы мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін апталық шаралар кестесін ұсынады.

Тәуелсіздік сарайы 3-31 желтоқсан аралығында– «Ақанаевтар әулеті», Рүстем Беркімбаевтың «Үміт жолы» жеке көрмелері, «Әуедегі қозғалыс», «Астана – жастар болашағы» экспозициялары. 6 желтоқсаннан – «Еркіндіктің дастаны – Астана» суреткөрмесі. 7 желтоқсаннан – «Хроники Независимого Казахстана» суреткөрмесі.

Сәкен Сейфуллин атындағы музей    2-5 желтоқсан аралығында сағат 10:00-ден – «Қазақ елі және Елбасы» көрмесі. 6-10 желтоқсан аралығында – «Ел  жүрегі – Астана» көрмесі.   «Барыс-Арена» 6 желтоқсанда – «Барыс» ХК – «Трактор» ХК командалар арасындағы ойын.     

«Жастар» сарайы 6-10 желтоқсан аралығында – Ә. Кекілбаевтың «Нартәуекел» тарихи драмасы. 6 желтоқсанда сағат 19:30-да – «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің  ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Музыка кино» концерті. 7 желтоқсанда сағат 19:00-де – М. Булгаковтың «Мастер и Маргарита» эклектикасы (М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры). 8 желтоқсанда сағат 11:00-де – Н. Гернеттің «Волшебная лампа Аладдина» ертегісі (М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры).    8 желтоқсанда сағат 18:00-де – А. Цагарелидің «Ханума» музыкалық комелиясы.

«Алау» мұз сарайы 5-6 желтоқсанда сағат 9:00-де – «Astana Figure Skating Cup – 2018» конькимен мәнерлеп сырғанау бойынша Астана қаласының ашық кубогы.

Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры 5 желтоқсанда сағат 18:30-да – Р. Отарбаевтың «Әміре» драмасы. 7 желтоқсанда сағат 18:30-да – Ф. Бордонның  «Қардағы көгершіннің ізі» драмасының тұсаукесері. 8 желтоқсанда – А. Вальехоның «Күн сәулесі түспеген» психологиялық драмасы. 9 желтоқсанда сағат 18:30-да – «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасы. Қуыршақтар театры 8 желтоқсанда – «Как зайчонок зайцем стал» қойылымы (12:00-де орыс, 14:00-де – қазақ тілінде).

«Дастан» сарайы 8-9 желтоқсанда сағат 10:00-де – Ерлер мен әйелдер арасындағы грэпплингтен және ги грэпплингтен ҚР Кубогы.