Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Асқақтай бер, елімнің Астанасы!» атты кітапханалық журфикс өтеді – Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы

Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Асқақтай бер, елімнің Астанасы!» атты кітапханалық журфикс өтеді

04.12.2018

2018 жылдың 5 желтоқсанында сағат 15.00 де Астана қаласы әкімдігі «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында (Бөгенбай батыр даңғылы, 52) «Асқақтай бер, елімнің Астанасы!» атты кітапханалық журфикс өтеді.

Бұл іс-шараның маңыздылығы – өскелең ұрпаққа елорданың әр кірпішіне, мәдениетіне, архитектурасына, өркендеуінде өзіндік қол таңбасы бар әр түрлі кәсіптегі қызықты адамдармен кездесуі болып табылады. Кездесудегі қызықты сәттердің бірі Астанамыздың жандануында, дамуында ерен еңбек сіңірген жандардың өзегінен шыққан әңгімелері мен ойларының тоғысуы.

Кітапханалық журфикспен қатар өтетін шара – «Өзіңнен бастау алар өрелі ісім…» атты талантты, әрі дара суретші жұмыстарының жарық көруі. Көрмеде суретші Астананың 20 жылдығына арнаған шығармашылығынан туындаған еңбектері қойылып,оқырмандар қауымының жүрегіне жол таппақ.

Іс-шарадағы Астанамыздың дамуына өз үлесін қосқан танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, туған елі мен жеріне махаббатын төккен жандардың кездесуі – нағыз патриоттық сезімнің жандануы, Отанға деген құрмет пен адалдықтың тоғысуы. Кез-келген алдыңғы буын өзінен кейінгі ұрпақты тәрбиелейді. Осы іс-шарадан Жастарға берілетін тәрбиенің бастауынан Отанға деген сүйіспеншіліктің қадірін ұғындыру. Отанды сүю, қадірлеуге бағыттау.

Байланыс телефондар: 53-60-19, 53-60-07, 8 701 165 82 5