Конькимен мәнерлеп сырғанаудан Астананың Ашық кубогы – Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы

Конькимен мәнерлеп сырғанаудан Астананың Ашық кубогы

04.12.2018

5-6 желтоқсанда «Алау» мұзайдын сарайында мәнерлеп сырғанаудан «Astana Figure Skating Cup-2018» Астана кубогы өтеді. Конькимен мәнерлеп сырғанауды үйрететін клубтар мен мектептердің шәкірттері мұз айдынында шеберлік байқасады. Аталмыш шара елордалық Мәдениет және спорт басқармасымен алғаш рет ұйымдастырылмақ.

Жарысқа Қазақстанның 16 аймағынан жас спортшылар қатысады. Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Астана қаласының өкілдері өзара бәсекеге түседі. Қатысушылардың жасы – 8-ден 14-ке дейін.

Жарыс 2018-19 жж. арналған ISU Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының Бірыңғай республикалық квалификациясы мен ережелеріне сәйкес ер балалар мен қыздар арасында жеке сырғанау бойынша өтеді.

«Astana Figure Skating Cup-2018» кубогының қорытындысы бойынша жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

«Astana Figure Skating Cup-2018» кубогы дене тәрбиесін, спорт пен салауатты өмір салтын дәріптеуге, мәнерлеп сырғанаушылардың спорттық шеберлігін шыңдауға, үздік спортшыларды анықтауға және жаттықтырушылар арасында өзара тәжірибе алмасуға бағытталған.

БАҚ назарына! Ертең, 5 желтоқсанда сағат 11:00-де «Алау» мұзайдын сарайында конькимен мәнерлеп сырғанаудан алғашқы Астананың Ашық кубогының ашылу салтанаты өтеді. Сіздерді осы шарадан ақпарат таратуға шақырамыз. Аккредиттелу мәселелері бойынша мына телефонға хабарласыңыздар: +77077845558, Ольга Григорьева.