«Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің Тұңғыш Президент күніне арналған «Музыка кино» атты концерттік бағдарламасы – Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы

«Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің Тұңғыш Президент күніне арналған «Музыка кино» атты концерттік бағдарламасы

06.12.2018

6 желтоқсан күні сағат 19.30-да «Жастар» Сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің Тұңғыш Президент күніне арналған «Музыка кино» атты концерттік бағдарламасы өтеді.

Іс-шараның мақсаты – қазіргі жастарды мәдени білім нәрімен сусындата отырып, музыка мен кинематографтың әлемдік классикасымен таныстырып, оларға рухани тұрғыда тәлім-тәрбие беруге ат салысу.

«Музыка кино» бүкіл ұрпақты бір-бірімен байланыстырады. Кеште кеңес кинофильмдеріндегі сүйікті композициялар орындалады. 60-70-80-ші жылдардағы махаббат пен достық жайлы романтикалық әуендерді, классикаға айналған ретро – хиттерді көрермендер оркестрдің орындауында тыңдай алады.

М.Таривердиев, А.Зацепин мен өзге де әйгілі композиторлардың танымал туындыларын бірегей оркестрге лайықтап, музыкаға үн қоса отырып орындайтын әртістер: оркестр солисті Жанна Орынбасарова және т.б. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Серик Давлетов.

Концерт кеш қонақтарын бей-жай қалдырмайды. Өмірдің өткен сәттеріне деген сағыныш бір мезетте жүзіңізге езу мен көзіңізге жас келтіреді. Көрермендердің есіне түсетін естеліктер қыстың суық кешінде жанға дауа, көңілге медет сыйлайды.