Әбіш Кекілбаевтың туған күніне орай «Жастар» театры «Нартәуекел» атты қойылымын ұсынады – Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы

Әбіш Кекілбаевтың туған күніне орай «Жастар» театры «Нартәуекел» атты қойылымын ұсынады

06.12.2018

6 желтоқсан – әдебиет майданында кемел ой, көркем сөзімен белгілі болған Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туған күні. Бар қазақ халқы үшін айтулы күн!

2016 жылы Жастар театрында ғасырлар бойғы халқымыздың арман-мүддесі, мақсат-тілегі Абылай бейнесі арқылы берілген Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан» пьесасы «НАРТӘУЕКЕЛ» деген атпен сахналанған болатын.

Дәл осы қойылым Астана қаласында, 2017 жылы өткен Қазақстан Ұлттық (этникалық) театрларының ІV республикалық фестивалінде «Тарихи тақырыптағы режиссерлік шешімі үшін» номинациясына қойылымның режиссері Нұрқанат Жақыпбай ие болса, Абылай хан ролі үшін «Үздік ер адам бейнесімен» Әділ Ахметов марапатталды.

Араға біраз уақыт салып, аталмыш қойылым Әбіш Кекілбаевтың туған күніне орай 6 желтоқсан күні, сағат 19:00-де Елордалық көрермендер назарына ұсынылмақ.

Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ.