Бейбітшілік және Келісім Сарайында итальяндық суретші Рон Ди Скенздің көрмесі өтіп жатыр – Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы

Бейбітшілік және Келісім Сарайында итальяндық суретші Рон Ди Скенздің көрмесі өтіп жатыр

06.12.2018

15 қараша мен 15желтоқсан аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай, «Бейбітшілік және Келісім Сарайы» МКҚК көрме алаңында итальяндық суретші Рон Ди Скенздің «Dancing in the dark» көрмесі өтеді.

Көрменің мақсаты – Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында көркем өнерді қолдау және шығармашылықты жүзеге асыруда Н.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласындағы : «… жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр».

Шетелдік шебер қазақстандықтардың назарына соңғы үш жылдық шығармаларының 40 шақты жемісін ұсынып отыр. Гиперреалистік кескіндемелерде жарық пен көлеңке үндестік құрған. Қара фонның үстіне бейнеленген адамдар шын мәнінде тас қараңғыда салмақсыздық күйге ұшырағандай әсер қалдырады.Суретші өз туындыларында адам бейнесін, фотосуреттерді пайдаланған.

Тән сұлулығы мен әсерлі қимылдар өмірдегі шынайы адам образдары. Ал қоршаған ортаның әсемдігі бейнеленген пейзаждар жинағы суретшінің естеліктері мен қиялынан туындаған. Табиғатың тылсым сырлары әспеттелген туындыларда көрерменін өзіне баурап, үңілдіре түседі.

Бұл италиялық қылқалам шеберінің елімізге алғаш келуі емес. Ол отандық суретші, архитекторлармен етене жұмыс жасап тұрады. Рон ди Скенза алдағы уақытта Қазақстаның көз тартар сұлу табиғатына да бірқатар туындыларын арнайтынын айтады.