Сабина Бакатова гимнастикадан халықаралық турнирде тағы да бір медаль иеленді – Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы

Сабина Бакатова гимнастикадан халықаралық турнирде тағы да бір медаль иеленді

11.12.2018

Астаналық гимнастшы Сабина Бакатова Олимпиада чемпионы Марина Лобачтың сыйлығы үшін көркем гимнастикадан өткен XVI халықаралық турнирде күміс медаль алды. Минск қаласындағы (Беларусь) жарыста 10 мемлекеттің спортшылары бәсекеге түсті. Атап айтқанда, Израиль, Италия, Қазақстан, Кипр, Литва, Польша, Ресей, Украина, Эстония және Беларусь.

Турнирәлемдік гимнастика күнтізбесіне енгізілген аталмыш беделді шара 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. Марина Лобач 1988 жылы Сеул қаласында көркем гимнастикадан Кеңес Одағының атынан алғашқы алтын медальді олжалаған болатын.

Көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сабина Бакатова Астана қаласы әкімдігінің Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірті. Қазіргі кезде спортшы Куала-Лампурда Азия чемпионатында екі алтын және бір қола медальді қанжығасына байлады.