Жас конькишілер Аяз атаның жүлдесі үшін бақ сынайды – Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы

Жас конькишілер Аяз атаның жүлдесі үшін бақ сынайды

19.12.2018

Байқау жеңімпаздары тәтті сыйлықтармен марапатталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 28 желтоқсанда «Алау» мұз сарайының аренасында «№2 МБЖСМ» КММ-ның жас спортшылары Аяз Атаның жүлдесі үшін таласады.

«Аяз Атаның жүлделері тек сол күні ғана емес, сонымен бірге 19-28 желтоқсан аралығында «Алау» мұз сарайында өтетін жаңа жыл қарсаңындағы таңертеңгіліктің белсенді қатысушыларына беріледі», – деп мәлімдеді мұз сарайының баспасөз қызметінде.

Мерекелік шара Аяз Ата, Ақшақармен бірге жаппай мұзда сырғанау бағдарламасын қамтиды, сондай-ақ, түрлі байқаулар, қызықты ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар мұз аренасында естелік фотосуретке түсе алатын болады.  Ұжымдық өтініштерді тіркеу үшін мына телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз: 8-701-430-92-29