Жаңажылдық түнде Астананың мұз қалашықтарында өткізілетін ойын-сауық – Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы

Жаңажылдық түнде Астананың мұз қалашықтарында өткізілетін ойын-сауық

26.12.2018

Жаңажылдық түнде Астанада қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер ұйымдастырылады, ал түнжарымда қаланың үш ауданында мерекелік отшашу болады. 31 желтоқсанда «Хан Шатыр» СОСО және елорда әкімдігінің алдындағы қалалық алаңда орналасқан мұз қалашықтарында халықтық серуендер өтеді. Жиналған қауым сағат 21:00-ден таңғы 03:00-ге дейін түрлі ойын-сауықтарға қатысып, концерттер тамашалайды. Әли Оқапов, Дос, ағайынды Жүгүнусовтер, Ринат Мальцагов, Ziruza, The Limba, «Диарт» тобы, «Килиманджаро» және басқалары өз өнерлерін ортаға салады.

2019 жылдың құрметіне түнжарымда «Хан шатыр» СОСО аумағында, Есіл өзенінің жағасында және Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында мерекелік отшашу болады.

Бұдан басқа, елорда тұрғындары мен қонақтары сырғанақтар мен мұз қалашықтарында, мұз айдындарында демалыстарын қызықты өткізе алады. Биыл «Хан Шатыр» СОСО мен әкімдік алдындағы Қалалық алаңда, Ботаникалық бақ аумағында «Astana Winter Land» қысқы ойын-сауық фестивалі ұйымдастырылады. Демалыс және мереке күндері мұнда қарда ойнап, сүйікті мультфильмдердің кейіпкерлерімен суретке түсуге болады. Ал аниматорлар қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Мұнда бәрі ертегідегідей: қар бүршіктері, орман жануарлары, тоқаштан жасалған үйлер, ормандар түріндегі және Аяз ата мен Ақшақардың мұз инсталляциялары жасалған.

«Astana Winter Land» фестивалінің қонақтарын көңілді аниматорлар құшақ жая қарсы алады. Олар «Көліктер», «Күшіктер патрулі» атышулы мультфильмдерінің кейіпкерлерімен, ергежейлілермен, аққаламен және тролььдермен кездеседі. Бұдан басқа, бойшаң қуыршақтармен естелікке әдемі суретке түсуге болады. Атап айтқанда, доңыз Пеппа мен Джордж, үрленген аюлар, Тіссіз айдаһар, Грут, Халк, динозавр, Темір адам, үлкен пони, барс, сайқымазақ, Багз Банни қояны, ЛОЛ қуыршағы, Лего Ниндзяго, Легомен, Мауи, Лунтик. Жиналған қауым аққаламен, пингвинмен және кішкентай аю Умкамен ойнайды, фиксик Ноликты, Шрек пен Фионаны, ала тышқандарды, Алладиннің сиқырлы шамының Перісін және Дональд Дакты көре алады. Осындай ғажайып мерекеде пингвиндер мен «Салқын жүрек» мультфильмінен Олафтар флешмобын тамашалауға болады. Санта Клаустың костюмін киген барабаншылар да көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Фестивальді ұйымдастырушылар белсенді демалысты ұнататындарға алып хоккей ойынын, үрленген аттарға мінуді, тиіннің дөңгелегінде жүгіруді, басқа да көптеген қызықты ұсынады.

Халықтың сүйікті мультфильмдерінің кейіпкерлері, қызықты ойындар мен флешмобтар әр демалыс және мереке күндері сағат 13.00-ден кешкі 20.00-ге дейін өз көрермендері мен қатысушыларын күтеді. «Astana Winter Land» фестивалі үш мұз қалашығында 2019 жылдың ақпан айының соңына дейін өтеді.

Елордалық мәдениет мекемелерінде Жаңа жыл мерекесіне орай ұйымдастырылатын шаралар жоспары тіркелген.