Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша ой-пікір – Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша ой-пікір

05.02.2019

Өткенді білмей, қазіргінің мәнін және болашақтың мақсатын түсіну мүмкін емес. Қазіргі уақытта біздің мемлекетіміздің жетістіктері, деңгейі мен әлемдік танылуы еліміздің өткен сан қырлы тарихысыз мүмкін емес. Бұл тезис Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын толық ашады.

Жылдан жылға бұл мәселе әсіресе жас ұрпақтың тәрбиесінде өзектілігін арттыруда. Сондықтан, мұражай директоры ретінде, біздің қызметіміздегі басты міндет – мәдени тарихи мұраны сақтау, өскелең ұрпақты патриотизм рухында және туған тарихына сүйіспеншілікпен тәрбиелеудеп санаймын.

Президенттің мақаласымен танысып, Қазақстан тарихы дамуының үздіксіздігін көрсететін «Ұлы даланың Ұлы есімдері», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Архив-2025», «Түркі өркениеті: бастаудан бастап осы уақытқа дейінгі» сияқты жобалардың, құжаттық-қойылымдық деректі фильмдер мен теледидарлық хикаялардың іске қосылуын қолдаймын.

Осы жобалардың жүзеге асырылуы патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге ғана емес, этносаралық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған қазіргі заманғы даму үстіндегі Қазақстанды қалыптастырудағы жаңа кезең болатынына сенімдімін.

«Мақаланың негізгі идеясы –тарихи сананы жаңғырту және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жалғастыруда, жалпы алғанда бұл жастарға арналған ұлттық бағдарламаның жаңа компоненттері. Біз ұлт Көшбасшысы айтқан тарихымыздың құндылықтарын мұражай келушілеріне, әсіресе студенттерге, оқушыларға жеткіземіз.

Самат Ілиясұлы Тергембаев,

«Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені» МКҚК директоры