Елордалық театрлардың артистері конькимен жүгіруден жарысты – Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы

Елордалық театрлардың артистері конькимен жүгіруден жарысты

06.02.2019

Астанада қалалық театрлардың шығармашылық ұжымдары арасында конькимен жүгіруден жарыс өтті. «Көңілді старт» жарыстарына Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының, Максим Горький атындағы орыс драма театрының, Астананың Комедия театрының, «Наз» Мемлекеттік би театрының командалары мен «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінің және Айгүл Иманбаеваның театрының ұжымдары қатысты.

«Алау» мұз айдыны сарайында 6 команда сапында 24 артист шеберлік байқасты. Қатысушыларды қолдау мақсатымен келгендердің саны 100-ден асты. «Көңілді старт» жарысы 5 кезеңмен ұйымдастырылды: «Эстафета», «Көңілді биатлон», «Кім жүйрік?», «Хоккей добы» және капитандар байқауы. Жинаған ұпай санының қорытындысы бойынша турнирлік кестеде орындар төмендегідей белгіленді:

I орын —«Шабыт» қазақ ұлттық өнер университеті,

II орын —«Наз» Мемлекеттік би театры,

III орын — Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры және Комедия театры.

– Бұл Жастар жылы өткізіліп отырған жақсы бастама. Астанада спорт пен салауатты өмір салты жақсы насихатталады. Жастарды өнер мен спортқа баулу қажет. Осындай шаралар жиі ұйымдастырылуы тиіс, – деді жарысқа қатысқан қазақ драма театрының актері Нұркен Өтеуілов