Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан туралы комиксінің авторымен кездесу өтеді

10.04.2019

16 сәуір күні сағат 16.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Жак пен Билланың Қазақстандағы басынан кешкен қызықты оқиғалары: Шыңғысханның қазынасы» атты кітабының авторы Жак Ортэмен кездесу өтеді.

Жак-Ортэ әртүрлі елдерде жұмыс істеген француздық мұнай инженері, қызықты оқиғалар желісімен кітап жазуға бекінеді. Автордың таңдауы төрт жыл бойы мекен еткен Қазақстанға түседі.

«Мен төрт жыл бойы мәдениет, тарих және адамдар туралы ой жинақтадым, әр түрлі комикстерді оқыдым, онда мен шабыт алып, осы жанрдың әртүрлі бөлшектері мен нюанстарын білдім. Мен көптеген елдерде болдым: Еуропада, жақын және Қиыр Шығыста, Африкада, кейбір елдерде бірнеше жыл тұрдым және адамдар мен олардың мәдениетін білуге мүмкіндік алдым. Болашақта осы жерлер туралы кітаптар жазамын деп ойлаймын. Бірақ Қазақстан туралы комикс менің сериямдағы ең алғашқы кітабым» -, дейді автор сұхбатында.

Іс-шараны ұйымдастыру идеясы «Alliance Française» Француз қауымдастығының Астана қаласындағы француз Альянсына тиесілі. 14 жыл бойы Астананың француз Альянсы Қазақстанның білім беру және мәдениет мекемелерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарады.

Басталуы: 16 сәуір сағат 16.00-де

Мекен-жайы: Бөгенбай батыр даңғ, 52

Байланыс телефондар: 53-60-19, 87086683787, 87758991597