Демалыс күндері елордалық «Алау» мұз айдыны сарайында жаппай сырғанау маусымы аяқталады

13.04.2019

Жексенбі күні, 14 сәуірде, «Алау» мұз айдыны сарайында жаппай сырғанау маусымы аяқталады. Осыған орай, 5 сеанс бойы келушілерге түрлі ойын-сауық шаралары өткізіледі. Қатысушыларға сыйлықтар тарту етіледі, қызықты ойындар ұйымдастырылады.

Алғашқы сеанста кәсіпқой жаттықтырушылар тренинг өткізеді. Сеанс соңында қонақтар «Масстарт» жарысына қатысып, шеберлік байқасады.

Екінші сеанс шорт-трек әуесқойларына арналады. Корттардың бірінде шорт-тректен кәсіпқой жаттықтырушы өз тәжірибесімен бөліседі.

Мәнерлеп сырғанауға әуес жандар үшінші сеансқа келе алады. Онда мәнерлеп сырғанаушылар өз өнерлерін ортаға салады, сондай-ақ мұз айдынында жаппай флешмоб ұйымдастырылады.

Хоккей сүйер қауым төртінші сеансқа қатысады. Онда екі команда жарысқа түседі.

Бесінші сеанста жүргізушілер «Алау» мұз айдынының жаттықтырушыларымен бірге келушілер үшін түрлі ойындар өткізіледі. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар сыйлаймыз, көтеріңкі көңіл күй орнайды.

Сәуірдің аяғында «Алау» мұз айдыны жазғы жұмыс режиміне көшеді. Жақын арада жазғы спорт орталығы өз жұмысын бастайды.

Еске салайық, 2018 жылдың 3 қарашасында «Алау» мұз айдыны сарайында жаппай конькимен сырғанау маусымы басталған болатын.

Осы уақыт ішінде 135 мыңнан астам елорда тұрғыны мен қонағы конькимен сырғанауға келген. Маусым бойы түрлі жарыстар мен шаралар ұйымдастырылды. Мысалы, жаппай сырғанау аясында БАҚ өкілдерінің, елордалық театр артистерінің, және сарай қонақтарының арасында жарыстар өткізілді.

Маусымның жабылу рәсімі 2019 жылдың 14 сәуірінде сағат 09.00 мен 23.00 аралығында өтеді.

Өткізу орны: «Алау» мұз айдыны сарайы, Қабанбай батыр даңғ., 47.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! 14 сәуірде Сіздерді «Алау» мұз айдыны сарайында күтеміз.

Байланыс телефондары: +7777 277 65 94 – Әйгерім, +7 707 199 51 79 -Бағлан