Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күніне орай Нұр-Сұлтанда «Екі ғашық» атты ән кеші өтеді – Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы

Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күніне орай Нұр-Сұлтанда «Екі ғашық» атты ән кеші өтеді

15.04.2019

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруымен, Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күніне орай сәуір айының 15-ші жұлдызында сағат 19.00-де «ЕКІ ҒАШЫҚ» атты ән кеші өтеді.

Өтетін орны: «Астана» концерт залы.

Кешке келген патша көңілді көрермен қос жүректі тербеткен, қос ғашықты сезім сырына бөлеген туындалардың куәсі болады. Ал, өнерімен елді сүйсіндірген сүйікті әншілер жұптасып ән салады.

Концертке Майра Ілиясова, Нұржамал Үсенбаева, Бағдат Сәмединова, Естай Мұқашев, Алтынай Жорабаева, Шахизада, Айгүл Қосанова, Еділ Құсайынов, Мирас-Құралай, Гүлмира Ақүрпекова, Айгүл Иманбаева, Медет-Клара, Әйкерім Қалаубаева, Аллаберген Жақсыбаев, Хадиша Шалабаева, Нұрғали Тұрлыбеков, Гүлзира Бөкейхан, Абай Бегей, Индира Расылхан, Жанат Қарман, Мұратбек Хайролда, Арайлым Рахым, Дос, Тахмина Әшімбекова, Диана Май, Оралхан Алтынбеков, Талғат-Ләлә, Бауыржан Ретбаев, Күнсұлу Тұрлыбекова, Бауыржан Рахымбеков, Еркебұлан Ермекұлы, Мэлс Сағатов, Асылбек Тойлыбаев, Аян мен Құттықыз, Дәстүр Асылхан, Альфира Әбдірахманова, Қуаныш Рысқұлов, Гүлбану Сейілхан, Мереке Кенжеғұлов, «Довию» дуэті, «Астана» тобы, «Шалқыма» халық би ансамблі және Эстрада би ансамбльдері қатысады.

Әнмен өрнектелген керемет кештің көрермені болуға шақырамыз!

Байланыс телефоны: 8701 766 13 96.