Елордада Оспан батырдың 120 жылдығына арналған «Қайқая шапқан Қарагер» атты кеш өтеді

15.05.2019

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруымен мамыр айының 20 күні, сағат 19.00де әйгілі Оспан батырдың 120 жылдығына арналған «Қайқая шапқан Қарагер» атты халықтың музыкалық поэма кеші өтеді.

Өтетін орны: «Астана» концерт залы

Оспан (1899-1951) қаймана қазақтың хас батыры. Ол Шығыс Түркістан қазақтары ұлт-азаттық көтерілісінің көшбасшысы болып, елінің ертеңі мен еркіндігі үшін шайқасып, Қытай отаршылдарының қолынан оққа ұшқан алып жүрек иесі. Орден орнына қару сұраған Оспанның ерлігі бүгінде Алты Алашқа аян. Оның Тәуелсіздік жолындағы ұлы күресін ұлықтау кейінгі ұрпаққа аманат.

Бұл кештің негізгі мақсаты да сол – атақты алып батырдың күрес жолындағы жан кешті ерлігін кеңінен насихаттау. Кеш аясында, Е. Тоқсабановтың «Қайқая шапқан Қарагер», Т. Жахиннің «Бабалар мекені–Алтай», «Оспан батыр», Ғ. Қабибекұлының «Оспан батырдың соңғы сөзі», Б. Айсыновтың «Наурыз», Қайрақбайдың «Өрелі кер», Халық Ризабектің «Сұлубай арман», Т. Ақанның «Атажұрт», Е. Зейпханның «Көк тудың желбірегені», Сұлубайдың «Сұлубай», Бүркітбайдың «Ой, Ғайша» сынды туындылармен бірге «Көзіңнің мөлдірін-ай», «Ағажай Алтай», «Елік-ай әттен шіркін», «Кербезім-ай», «Қайран Алтай, Марқакөл» сияқты т.б халық әндері тарту етіледі. Кешке, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Клара Төленбаева, Айгүл Қосанова, Гүлзира Бөкейхан, Ерлан Рысқали, Мәдениет қайраткері Секен Сыздық, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары Данияр Мұқан, Дәстүр Асылхан, Жазгүл Даңылбаева, Ибрагим Ескендір, Алтынгүл Бапарқызы, Ардақ Елеусіз, Асқар Мұқият, «Сарыарқа» халық музыка ансамблі, «Әлем» эстрада би ансамблі, «Қаллеки» театрының актерлері Оспан батыр-Қуандық Қыстықбаев, Зуқа батыр-Мейрам Қайсанов, және филармония әртісі Ақыт Қажы-Нұрай Танабаев қатысады.

«Қайқая шапқан Қарагер» халықтың музыкалық поэмасының сценарий авторы: тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынхан Зәкен Режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов Кеш, Елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының аясында өтеді. Байланыс: 8701 587 89 78, 8707 518 31 18