Нұр-Сұлтанда «БАҚОРДА» театрландырылған музыкалық қойылым өтеді

16.05.2019

Либретто – Жұпар Ақтомпышқызы, Қуат Ежембек

Музыка – Серікжан Әбдінұров

Режиссер – Асхат Қошаев

Басты рөлдерде:

Дархан – Дәстүр Асылхан

Аңсар – Ерназар Катуов

Томирис – Диана Май

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруымен мамыр айының 24 күні сағат 19.00де белгілі композитор Серік Әбдінұровтың шығармаларына құрылған «Бақорда» атты театрландырылған музыкалық қойылым өтеді.

Өтетін орны: «Астана» концерт залы

«Бақорда» театрландырылған музыкалық қойылымы еңселі Елордамыздың әсемдігін, сұлулығын әспеттейді. Мұнда Аңсар мен Дархан есімді екі жігітпен, Томирис есімді арудың оқиғалары негізге алына отырып, астананың таңғажайып ғимараттары, көрікті жерлері тілге тиек болады. Аңсар Томириске шын ғашық. Дархан болса Аңсардың қызға сөз сала алмайтын мінезін, ұялшақтығын білгендіктен олда Томириске ғашық болғандай сыңай танытады. Сөйтіп, досы Аңсардың әлгі бір ынжық мінезінен арылуына себепкер болады. Бұл, кеште тек қана театрландырылған көріністер ғана қойылмайды. Сонымен қатар «Жан ана», «Ауылым алтын бесігім», «Ақ жұлдыз», «Ай нұрлы Астана», «Бақорда» сынды т.б әндер шырқалады. «Бақорда» театрландырылған қойылымына Елорда филармониясының «Әлем» эстрадалық би ансамблі (Көркемдік жетекшісі – Лаура Мукаева), Эстрадалық және классикалық вокал бөлімі (Көркемдік жетекшісі – Арайлым Рахым) қатысады. Кеш, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен «ЖАСТАР ЖЫЛЫ» аясында өтеді.

Байланыс: 8705 140 81 77