Елордада үрлемелі оркестрдің XVIII концерттік маусымының жабылуы өтеді – Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы

Елордада үрлемелі оркестрдің XVIII концерттік маусымының жабылуы өтеді

16.05.2019

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Үрлемелі оркестрінің мамыр айының 25-ші жұлдызында, «The Best of Seasons» атты XVIII концерттік маусымының жабылуы өтеді.

Үрлемелі оркестрдің бас дирижері Халықаралық байқаулардың лауреаты Ербол Мамырбаев.

Дирижер – Мұса Мұхаммед және Анна Горцунова.

Өтетін орны: «Астана» концерт залы Аталмыш кеште кино әуендері, рок, джаз жанрындағы таң-тамаша туындылар шырқалып, тыңдармандармен патша көңілді көрермендерді шаттыққа бөлейді. 60тан аса кәсіби артистер ұмытылмас әсер сыйлайды. Кешімізге келген өнер сүйер қауым, джаз рок аңызы Фредди Меркьюридің («Queen»), Джо Завинул және Леонард Бернстайнның туындыларын тыңдап, ретро жылдарына сапар шегіп, Мүслім Магомаев, Френка Синатраның репертуарына енген әндерге сусындайды. Сонымен қатар бұл кеште «Кариб теңізінің қарақшылары», «Сұлу мен Құбыжық», «Тарзан», «Моана» т.б. фильмдерінің әуендеріне қанық болады

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында өткізіледі.