Елордада «Алжир» атты театрландырылған қойлым өтеді – Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы

Елордада «Алжир» атты театрландырылған қойлым өтеді

16.05.2019

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруымен 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Алжир» атты театрландырылған қойлым өтеді.

Өтетін орны: «Астана» концерт залы

Кеңес үкіметінің солақай саясаты талай бейкүнә тағдырлардың талқанын шықарды. Сталин саясаты оқыған, тоқыған зиялы қауымның өмір қиюмен ғана шектелмей, олардың үрім-бұтақтарына да өз зардабын тигізді. Тотаритарлық жүйе салдарынан Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин, Тұрар Рысқұлов, Күнжамал Майлина, Әзиза Рысқұлова, Дәмеш Жүргенова, Жанбике Шанина сынды алыптармен бірге олардың өмірлік жолдастары да ауыр тағдыр тауқыметін тартты. Елордалық филармонияның «Алжир» атты театрландырылған қойылымында аналардың тағдыры көрсетіледі. Қолдағы деректер бойынша Ақмола облысындағы бір ғана «Алжирдің» өзінде 20мыңға жуық қуғын-сүргенге ұшыраған жандар келіп кеткен екен. Ал жалпы, бастан-аяқ сегіз мың адам өз жазықсыз «жазаларын» сол жерде өтеген. Бұл кеш сондай саяси қуғын-сүргіннің құрбанына айналған аналарға арналады. Оларға мәңгілік тағзым жасалады.