Сайлаушылар өнер және спорт жұлдыздарымен селфиге түсті

10.06.2019

Бүгін  №59 сайлау учаскесінде эстрада және спорт жұлдыздарының қатысуымен «Жұлдыздармен селфи» акциясы өтті. Олардың ішінде Данияр елеусінов және әзілкеш актер Тұрсынбек Қабатов болды, – деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов және әзілкеш актер Тұрсынбек Қабатов №59 сайлау учаскесінде алдымен өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Оның соңынан сайлаушылармен селфиге түсті.

Ал, №139 сайлау учаскесінде танымал әнші Алтынай Жорабаева дауыс берді. Онда әншіні тыңдаушылары күтіп алып, қолтаңба алды.