X International Street Dance Session фестивалінде үздік бишілер жарысқа түседі

10.06.2019

5-6 шілдеде елорданың орталық алаңында көше билерінен «International Street Dance Session» халықаралық фестивалі өтеді. Елорда күніне орайластырылған керемет шаралардың бірі биыл оныншы мәрте ұйымдастырылады. Жыл сайын фестивальде мәжірибе алмасу және би мәдениетін дамыту мақсатында мыңдаған өнер иесі бас қосады. Биыл жарыста 32 номинация болады, шараға Қазақстаннан және шет мемлекеттерден үздік заманауи хореографтар мен бишілер жиналады.

«International Street Dance Session» шеңберінде бишілер арасында командалық және жеке сайыстар өткізіледі. Майкл Джексон, Бейонсе, Ашер, Джастин Тимберлейк, Джастин Бибер және басқа да жұлдыздармен жұмыс істеген әлемдік хореографтар қатысушылардың өнерін бағалайтын болады.