ҚР Президентінің Кубогы үшін бокстан VII Халықаралық турнирде 13 ел өз боксшыларын таныстырады

10.07.2019

16 шілдеде Нұр-Сұлтанда ҚР Президентінің кубогына бокстан VII Халықаралық турнир басталады. 20 шілдеге дейін жалғасатын жарысқа 13 елдің өкілдері қатысады деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Турнирге қатысуға Алжир, Болгария, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Сирия, Филиппин, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен келген 123 боксшы-ерлер мен 33 әйел адам өтініш білдірді. Ерлер арасында Қазақстан намысын 37 боксшы, әйелдер арасында – 33 спортшы қорғайды. Олардың арасында – 2017 жылғы Әлем чемпионы Қайрат Ералиев (57 кг дейін), 2017 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы Санатали Толтаев (63 кг), 2017 жылғы Әлем чемпионатының және Азия чемпионатының жүлдегері Абылайхан Жүсіпов (69 кг), 2017 жылғы Әлем чемпионатының және Азия чемпионатының, 2018 жылғы жазғы Азия ойындарының жүлдегері Әбілхан Аманқұл (75 кг), 2017 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері Ерік Әлжанов (81 кг), 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит (91 кг), 2017 жылғы Әлем екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (51 келі), 2016 жылғы Олимпиада жүлдегері Дариға Шәкімова (75 келі), 2012 жылғы Олимпиада жүлдегері Марина Вольнова (75 кг) және 2017 жылғы Азия чемпионы Мадина Нұршаева (64 кг).

Жекпе-жек сегіз ерлер салмақ дәрежесінде және бес әйелдер арасында өтеді.

Бірінші орын иелері 2000 USD, екінші орын – 1000 USD, үшінші орын – 500 USD мөлшерінде сыйақы алады.

Турнирдің ашылу салтанаты 16 шілде күні “Дәулет”спорт комбинатында өтеді. Финал және жеңімпаздарды жариялау 20 шілдеде өтеді.