Қазақстан джиу-джитсудан Азияда екінші орында

22.07.2019

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда джиу-джитсудан өткен IV Азия чемпионаты мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы тайландтық спортшыларға есе жіберіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға табан тіреді.

Құрлықтық біріншіліктің қорытындысы бойынша отандық джитсерлер 7 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль олжалады.

Алтын:

1. Тілепова Әлия 62кг файтинг

2. Есенғалиев Айбар +94кг файтинг

3. Нұрлыбаев Жеңіс 56кг файтинг

4. Жәнібек Әбу-Бакір 62кг файтинг

5. Дуванова Галина 52кг не ваза

6. Жарасов Досбол 56кг контакт

7. Хамзе Баккуар 77кг контакт

Күміс:

1. Мекенбаева Мөлдір 52кг не ваза

2. Дүйсенқұлов Нұрсұлтан 69кг файтинг

3. Хамзе Баккуар 77кг файтинг

4. Айтмұханбетов Санжар 56кг файтинг

Қола:

1. Мамышев Медетхан, Филатов Виктор дуо-систем

2. Құсайынов Рамазан 94кг файтинг

3. Бисалиев Тыныс +94кг контакт

4. Қонысов Қуандық 56кг не ваза

5. Нортаев Дархан 62кг не ваза

Таиланд құрамасы 22 алтын, 16 күміс және 9 қола медальға қол жеткізді.

Турнир иелері ақтық сында біздің командадан жеңіліп қалды, Моңғолия командасының еншісінде 6 алтын, 9 күміс және 15 қола медаль бар.

Джиу-джитсудан IV Азия чемпионаты басты аймақтық жарыс болып табылады. Биыл біріншілікке әлемнің 20елінен 500-ден аса спортшы қатысты. Қазылар алқасының құрамына 13 мемлекеттен 20 төреші енді.