Елордалық саябақта стритболдан «Nur-Sultan Cup» турнирі өтеді

01.08.2019

10-11 тамызда елордада Орталық саябақта стритболдан «Nur-Sultan Cup» жарысы өтеді.

Жарыста ниет білдіргендердің барлығы бақ сынай алады. Әр команда 4 ойыншыдан (алаңда 3 ойыншы, біреуі қосалқы ойыншы) тұруы тиіс. Әр санатта жүлделі орын алған үш командаға «Nur-Sultan Cup» турнирінің жеңімпазы атағы беріліп, кубоктар, дипломдар мен медальдар табысталады.

Жарыстың шарты бойынша 8 тамызға дейін «18-23 жастағы жасөспірімдер» және «23 жастан асқан ерлер» санаттары бойынша play.fiba3x3.com міндетті түрде тіркелу керек. Басқа қатысушылар 10 тамызда сағат 09.00-де жарыс алаңында өтінім бере алады.

Ұйымдастырушылар: «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-мәдени шараларды өткізу дирекциясы» КММ және Нұр-Сұлтан қ. Ұлттық баскетбол федерациясы.

Өткізу күні:10-11 тамыз 2019 жыл, басталуы сағат 09.00-де.

Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Орталық саябақ (орталық саябақ аумағындағы тұрақ аймағы)

Толық ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7-707-431-31-78, +7 700 253 04 72 – Мадина Айтқалиева.