Сәкен Сейфуллин мұражайында «Хат – өткен шақтың куәсі» атты көрме өтіп жатыр

08.08.2019

2019 жылдың 1-10 тамыз күндері аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Хат – өткен шақтың куәсі» атты көрме ұйымдастырылады. Сәкен Сейфуллиның 125 жылдығына орай ұйымдастырылатын көрменің мақсаты мұражай қорында сақталған Сәкен жазған және Сәкенге жазған хаттарды жұрт назарына ұсыну.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Әуезов көшесі, 20 «Сәкен Сейфуллин» мұражайы.

Өтетін уақыты: сағат 10:00- ден 18:00-ге дейін.