Елордада суретші Мұхтар Байбосынның жеке көрмесінің тұсаукесері өтеді – Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы

Елордада суретші Мұхтар Байбосынның жеке көрмесінің тұсаукесері өтеді

08.08.2019

Өтетін күні:9 тамыз 2019 жыл, сағат 12:00.

Өтетін орны: «Мәңгілік Ел» Салтанатты қақпасының галереясы.

Ұйымдастырушы: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясы.

Ашылу салтанатында суретші Мұхтар Байбосынның 40-тан астам шығармашылық туындысы ұсынылады.

Бұл көрменің барлық жұмыстары бір тақырыппен – қазақ халқының мәдениеті мен өмірімен біріктірілген. Автордың айтуынша, әрбір сурет – туған жерге деген махаббат.

Мұхтар Байбосын – Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Н.В. Гоголь атындағы Алма-Ата өнер училищесін, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

Көрменің мақсаты – бейнелеу өнерімен танысу, ұлттық мәдениетті насихаттау, соның ішінде «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының бастамалары, жас ұрпақтың сабақтастығын қамтамасыз ету, бейнелеу өнерін, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз ету арқылы көрермендердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

Көрме 10.10.2019 ж. дейін жалғасады.