Елордалық спортшы грек-рим күресінен Әлем чемпионатында қола жүлде олжалады

08.08.2019

4 тамызда София қаласында (Болгария) кадеттер арасындағы грек-рим күресінен Әлем чемпионаты мәресіне жетті. Дүбірлі додада әлемнің 52 мемлекетінің білекті балуандары күш сынасты. Қазақстандық спортшылар жарыста 1 алтын және 2 қола медаль олжалады.

Елордалық Олимпиадалық резерв дайындау орталығы мен №3 Олимпиадалық резервтетің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Мақсат Сайлау 80 кг салмақ санатында фин спортшысы Джонни Саркиненнен айласын асырып, қола жүлдеге қол жеткізді.

Мақсат Сайлау 2018 жылғы ҚР Чемпионатының қола жүлдегері, кадеттер арасында 2019 жылы ҚР чемпионы, сондай-ақ, 2019 жылы грек-рим күресінен кадеттер арасында Азия чемпионы атанған.