Елордада жалпықалалық ағаш отырғызу сенбілігі өтті

14.10.2019

Бүгін, елордада қала әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновтің қатысуымен “Бірге Жасыл Қазақстан” шарасының аясында, “Әзірет Сұлтан” мешіті маңында ағаш отырғызу сенбілігі өтті.

Шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары Мәкен Бақтияр Мәкенұлы,

Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқарма басшысы Нұрлан Ерболатұлы Сыдықов және елімізге танымал спортшылар мен өнер адамдары қатысты.

Көгалдандыруға арналған сенбілік барысында “Әзірет Сұлтан” мешіті алдында 327 көшет отырғызылды. Жалпы бүгін Елорда көшелері мен саябақтарында 5 мың ағаш егіліп, қала ажарын арттыра түспек. Сонымен қатар биыл күзде “Экологиялық сағат” шарасының шеңберінде еліміз бойынша қосымша 1 миллионға жуық көшет егіледі.