Елордалық есту қабілеті бұзылған футболшылар Республика Чемпионатының күміс жүлдегері атанды.   

14.10.2019

Орал қаласында есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында футзал бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионатына Нұр-Сұлтан қаласындағы “Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшылар арналған спорт мектебінің” футболшылары қатысты. Жарыс ағымдағы жылдың 8-12 қазан аралығында өтті. Бес күн бойы, он үш команда чемпион атағы үшін таласты. Чемпионатта елордалық команда Петропавл қаласы атынан шыққан команданы 4:3 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Соңғы ойында футболшыларымыз Қарағандылықтарға жол беріп, ел біріншілігінің күміс чемпионы атанды. Футболшылардың жаттықтырушысы-Таймамбетов Тәжібай Жұмабекұлы.