Тікелей келіссөздер арқылы «Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» спорт сарайын зияткерлік технологияларды қолдану арқылы модернизациялау және пайдалануға берілуі» Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бастамашылығы туралы хабарлама

06.11.2019

«Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» спорт сарайын зияткерлік технологияларды қолдану арқылы модернизациялау және пайдалануға берілуі» Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының (бұдан әрі – Жоба) бастамашылығы туралы хабарлайды.

Бұл хабарлама Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асыру ережелеріне (бұдан әрі – Ережелер) сәйкес дайындалып, жарияланды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне Заң мен Ережелер аясында жүргізілген тікелей келіссөздер арқылы Жоба бойынша жеке әріптесті анықтау үшін тікелей келіссөздерге қатысуға әлеуетті жеке әріптестен өтініш келіп түсті.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2020 жылдан бастап 16 жыл 6 ай (егер 2020 жылы тікелей келіссөздер жүргізу және МЖӘ туралы келісім жасау рәсімдері белгіленген тәртіппен аяқталған болса).

МЖӘ объектісін құру мерзімі: МЖӘ туралы келісім-шарт күшіне енген күннен бастап 18 ай.

МЖӘ объектісінің пайдалануға беру мерзімі: 15 жыл.

Жобаны жүзеге асыру орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Қажымұқан көш., 7.

МЖӘ объектісі:

Аппараттық-бағдарламалық кешені енгізіліп модернизацияланған (жаңартылған) «Қазақстан» спорт сарайы (мүлік кешені).

Аппараттық-бағдарламалық кешеннің функционалдығы:

‒ мыңдаған бейнекамераларды басқаратын, мыңдаған арналарды біріктіретін, барлық негізгі жол желілерін қамтитын және оларды түрлі деңгейлерде, өлшемдерде және бейне қабырғадағы үлкен кенепте орналастыруға толық еркіндік беретін бірыңғай мультимедиа платформасын құру;

‒ бір жұмыс орнынан ақпаратты көрсетудің барлық аудио / видео құралдарын біріктіретін және басқаратын бірыңғай медиа платформаны құру;

‒ кәсіби және графикалық контроллерлерді орнату;

‒ сенсорлық монитор немесе пернетақта арқылы басқарылатын жедел қайталау жүйесі;

‒ барлық экрандардағы мазмұнды (контент) басқару және синхрондау;

‒ арнайы әзірленген мобильді қосымшалар мен веб-парақтар;

‒ интерактивті IPTV желісі – интерактивті LCD немесе LED теледидарлар;

‒ ақпараттық-ойын-сауық толықтыру – нақты уақыт режиміндегі ойын және статистика жайлы ақпарат;

‒ жарыстарды басқару және спорт статистикасы;

‒ хронометраж және ұпайларды есептеу – хронометражды және ұпайларды есептеу жүргізу үшін интерфейстер;

‒ видеоголтөреші – қақпаны алудың дұрыстығын тексеру жүйесі;

‒ спорттық керек-жарақтар – әр түрлі спорт түрлері үшін жабдықтар;

‒ ойыншыларды бақылау, спортшылардың қозғалысын бақылау;

‒ билеттер жүйесі және қолма-қол ақшасыз төлемдер жүйесі – спорт сарайының аумағында билеттерді сату және есеп айырысудың өзара байланысты жүйелері;

‒ тұлғаны тану / биометрия – өзара байланысты қауіпсіздік жүйелері және тұлғаны тану;

‒ турникеттер мен кіруді бақылау – тұлғаның биометриялық танылуы бар кіріс жүйелері.

Жеке әріптес келесіні іске асырып және осыған жауапты болады:

1) Меншікті есебінен және (немесе) қарыз қаражаттан МЖӘ Объектісін Қаржыландыру;

2) МЖӘ объектісін құру («Қазақстан» спорт сарайын модернизациялау);

3) МЖӘ объектісін пайдалануға беру.

Жеке әріптес МЖӘ объектісін құру және пайдалану кезінде жеке әріптеске айрықша құқықтары бар МЖӘ объектісінің әртүрлі жүйелерін орталықтандырылған басқаруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді енгізуі және қолдануы керек; жеке әріптес иеленетін құқықтардың көрсетілген мөлшері мақсаттарды, міндеттерді, функционалдылықты, іске асыру шарттарын, іске асыру мерзімдерін қоса, Жобаны іске асырудың барлық аспектілеріне сәйкес келуі керек.

МЖӘ объектісі құрылуы аяқталғаннан кейін коммуналдық меншікте қалады.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес МЖӘ объектісін кепілге беруге жол берілмейді.

Жоба аяқталғаннан кейін жеке әріптес мемлекеттік әріптеске МЖӘ объектісінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті бағдарламалық жасақтаманы пайдалануға қайтарымсыз сөзсіз құқығын беруге міндетті.

МЖӘ объектісіндегі барлық жабдықтар орнатылғаннан бастап кемінде 5 (бес) жыл ішінде жарамды болуы керек, МЖӘ объектісінің істен шыққан компоненттерін оның үздіксіз жұмысына жеке әріптес берген кепілдемеге сәйкес (кепілдік мерзімі) ауыстыруды қамтамасыз етуі қажет.

Заңның 9-бабы 2-тармағына сәйкес жеке әріптестің шығындарын өтеу мен кіріс алудың келесі көздері қарастырылған:

1) инвестициялық шығындардың өтемақысы (ИШӨ);

2) операциялық шығындардың өтемақысы (ОШӨ).

Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қолдау шарасы МЖӘ объектісін модернизациялау құнының 30% -ынан аспайтын мөлшерде Жобаны қоса қаржыландыру арқылы қамтамасыз етіледі.

ИШӨ, ОШӨ, қоса қаржыландыру теңгемен төленді.

Әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын талаптар: Заңның 32-бабында көрсетілген жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келу.

Әлеуетті жекеше әріптестердің сипаттамалары мен параметрлері бойынша балама ұсыныстары Хабарламада көрсетілгенге тең немесе одан жоғары болуы керек (мемлекеттік әріптесті жетілдіру бағытында).

Жоба бойынша тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге нақты қажеттілік:

1. Дайындық жұмыстары

1.1 Ғимаратты техникалық тексеру;

1.2 Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

1.3 Жобалық-сметалық құжаттама бойынша мемлекеттік сараптама органдарының қорытындысын алу.

2. Қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың күрделі жөндеуі, соның ішінде

2.1 Қасбетті, шатырды, витраждарды, металл конструкцияларды, инженерлік желілер мен жабдықтарды бөлшектеу (демонтаждау) жұмыстары (қажет болған жағдайда);

2.2 Металл конструкцияларын жөндеу, ауыстыру, арматуралау;

2.3 Темірбетон конструкцияларын жөндеу, ауыстыру, арматуралау;

2.4 Ішкі әрлеу жұмыстары (қабырғалар, едендер, төбелер, витраждар, есіктер және т.б.);

2.5 сыртқы әрлеу жұмыстары (қасбеттер, шатырлар, витраждар және т.б.);

2.6 Іргелес аумақты абаттандыру;

2.7 Ішкі су және кәріз желілерін жөндеу, ауыстыру;

2.8 Ғимараттардың электртехникалық жабдықтарын, күшті электр жабдықтарын және электр жарығын, оның ішінде лифтілерді жөндеу, ауыстыру;

2.9 Қасбеттік жарықтандыруды орнату;

2.10 VIP кеңістігін ұйымдастыру.

3. Орталықтандырылған зияткерлікті және энергияны үнемдейтін технологияларды қолдану арқылы модернизациялау

3.1 Орталықтандырылған басқару жүйесі бар жылыту, салқындату, желдету, ауаны баптау және ауа ағызу жүйелерімен үйлесетін салқандатқышты және бассейнді жабдықтаудың бірыңғай технологиясын орнату;

3.2 Процестерді автоматтандыру және кестелеу үшін интеграцияланған жүйені орнату;

3.3 Телефония жүйесін орнату;

3.4 Сағат жүйесін орнату;

3.5 Радиохабар жүйесін орнату;

3.6 Жедел диспетчерлік жүйесін, ақпаратты жинауға және көрсетуге арналған интеграцияланған қауіпсіздік жүйесін орнату;

3.7 Қауіпсіздік дабылын орнату;

3.8 Қауіпсіздік және сыртқы бейнебақылауды орнату;

3.9 Өрт сөндіру жүйесін, өрт дабылы, өрт туралы ескерту және адам эвакуациясын басқару жүйесін орнату;

3.10 Кәсіби мультимедиялық жүйелерді орнату:

3.10.1 Нысанды басқарудың бірыңғай мультимедиялық жүйесін орнату;

3.10.2 Акустикалық өңдеу және дыбыс күшейту технологияларын орнату;

3.10.3 Жарықдиодты спорттық жарықтандыру технологияларын орнату;

3.10.4 Мобильді сахна технологиясы мен концерттік технологияларын (жарық, дыбыс, үш өлшемді проекция, тік және көлденең және т.б.) орнату;

3.10.5 Жарық диодты медиа текшесін ойын алаңына орнату;

3.10.6 Мұз алаңының солтүстік және оңтүстік жағында екі жарықдиодты экран орнату;

3.10.7 Бассейнде жарықдиодты экранды орнату;

3.10.8 Алаңға жарнамалық жарықдиодты периметрін орнату;

3.10.9 Ішкі теледидар жүйесін орнату;

3.10.10 Спорт сарайының аумағында ақпараттық экрандар (VIP аймағын қосқанда), IPTV жүйесін орнату;

3.10.11 Спорт сарайының оңтүстік кіреберісіне жарықдиодты медиа қасбетін орнату;

3.10.12 Жартылай стационарлық теледидарлық транспунктер жүйесін теледидарлық инфрақұрылымды, түсіндірме алаңдарын, журналистердің жұмыс алаңдарын жабдықтау;

3.11 Технологиялық жабдықты орнату;

3.12 Бейнебақылау жүйесін орнату;

3.13 Құрылымдық кабельдік желісін, деректерді өңдеу орталығын, деректерді сақтау жүйесін, Wi-Fi қамтуын құру;

3.14 Бақылау және басқару жүйесін орнату:

3.14.1 Спорт сарайына көрермендердің кіруі мен шығуын бақылауды қамтамасыз ету үшін толық және жартылай биіктікке (орналастыру аймағына байланысты) турникеттерді орнату;

3.14.2 Автоматты тұрақ жүйесін орнату;

3.14.3 Турникеттік топтардың аймағында бетті тану жүйесін орнату;

3.14.4 Билет сату жүйесін (онлайн, офлайн) орнату, қол жетімді басқару жүйесіне интеграциялау;

3.14.5 Ішкі кіруді басқару жүйесін орнату.

4 Спорттық техналогияны енгізу

4.1 Жаңартылған кешеннің барлық жүйелерінің келесі федерациялардың (міндетті сертификаттау) ережелерінің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету:

4.1.1 Хоккей: IIHF, KHL;

4.1.2 Баскетбол: FIBA (жарыстардың 1, 2, 3 санаттары);

4.1.3 Волейбол: FIVB;

4.1.4 Гандбол: EHF;

4.1.5 Футзал: EUFS;

4.1.6 Су спорты: FINA

4.2 «Қазақстан» спорт сарайын федерацияда көрсетілген барлық қажетті төрешілік, хронометраж, есеп, статистика жүйелерімен қамтамасыз ету.

5 Көрермендер орынын ауыстыру және санын арттыру

5.1 Континенталды хоккей лигасының ережелеріне сәйкес мұз айдынындағы көрермен орындарының санын 6000-ға дейін арттыру;

5.2 Барлық санаттағы көрермендер креслоларын ауыстыру (стандартты, VIP, журналистер орындары, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған орындар).

6 МЖӘ объектісін пайдалануға беру

6.1 Модернизациядан кейін мүліктік кешенді тиімді коммерциялық пайдалану бағдарламасын әзірлеу және іске асыру:

6.1.1 Спорт федерацияларымен (Ұлттық олимпиадалық комитет, Қазақстан хоккей федерациясы, Қазақстан Республикасының қазіргі және спорттық би федерациясы және т.б.) бірлескен қызмет туралы келісім-шарттарды жасау және келісу;

6.1.2 Сарайдың барлық қол жетімді аудандарын пайдалана отырып, спорттық, ойын-сауық және мәдени шараларды жоспарлау, өткізу және оларды техникалық қолдау;

6.1.3 Жабдықталған жаттығу бөлмелері мен қосалқы бөлмелердың жұмыс істеуі (шешіну, методикалық, жабдықтарды сақтау және т.б. бөлмелер) келесі спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз етеді: хоккей, мәнерлеп сырғанау, жүзу, жекпе-жек, фитнес, спорт және бал билері және т.б.

6.1.4 Үнемі жұмыс істейтін сауда орындарын ұйымдастыру.

Жобаның техникалық жағынан күрделі және (немесе) ерекшелігіне жататыны: Жоба техникалық жағынан күрделі және ерекше болып табылады.

Балама ұсыныстар осы хабарлама жарияланған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Жоспарланған жобаны іске асыруға мүдделі әлеуетті жеке әріптестер осы хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес балама ұсыныс, сондай-ақ жеке сәріптесті анықтау үшін тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім ұсынады:

1) әлеуетті жеке әріптестің атауы мен мекен-жайы (заңды және нақты) көрсетіледі;

2) мемлекетке тиесілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін) көрсетеді;

3) заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жеке әріптес өкілі туралы мәліметтерді көрсетеді;

4) Ереженің 128-тармағына сәйкес әлеуетті жеке әріптеске тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықты растайтын құжаттарды қоса береді;

5) тиісті уәкілетті мемлекеттік органға әлеуетті жеке әріптестің зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқығы бар екендігі туралы растау хатын қоса береді;

6) Хабарламаға сәйкес әзірленген және Ереженің 5-қосымшасына сәйкес құрылымға сәйкес жобаның, оның ішінде Жобаның қаржылық-экономикалық моделін, есеп формулаларын және қабылданған болжамдарды көрсете отырып, Excel форматында қоса береді;

7) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес әлеуетті жеке әріптестің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды береді.

Жобаны іске асыруға қызығушылық танытқан жағдайда, тиісті құжаттарды орыс тілінде қағаз және электронды тасымалдағышта тіркелген пошта арқылы жіберіп немесе Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 744 каб., «Нұр Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі мекен-жайына жеткізуіңіз қажет тел. +7 7172 557424.

Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет

және спорт басқармасының басшысы

Н. Сыдыков