Ауған соғысы: тарих, шындық және еске алу

14.02.2020

Қазақстанда жыл сайын 15 ақпанда Ауғанстаннан әскерді шығару күні атап өтіледі. Ауғаныстандағы соғыс 10 жылға созылды,  бұл соғыс көптеген отбасына қайғы-қасірет әкелді. Біздің әскери қызметкерлер үшін ол 1979 жылдың 25 желтоқсанында басталды. Тек 1989 жылы, 15 ақпанда, осы шығыс елінің аумағы Кеңес әскерлерін тастап кетті.

Ауғаныстаннан әскерді шығару күні – бұл сол сұрапыл соғыста қаза тапқандарға құрмет көрсету ғана емес, бұл Ұлы Отан соғысында 3 мың және 340 күнге созылған мағынасыз және ешкімге қажет емес соғысты өткендерге құрмет көрсету және қамқорлық жасау қажеттілігінің белгісі. 

Бүгін 14 ақпан күні № 15 мектеп-лицейінде Ауған соғысы жауынгерлерінің қатысуымен “Ауған соғысы: тарих, шындық және еске алу” атты салтанатты іс-шарасы өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: “Тарихи-мәдени мұра объектілері мен  ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету дирекциясы” МКҚК және Нұр-Сұлтан қаласының № 15, 18, 19, 21, 35 мектептері.

Шараға Ауған соғысының ардагерлері: Елубаев Қайрат Меңдыбайұлы, Жайдаров Қабдыуахит Қабдоллаұлы, Бейсенов Жарқын Қайырбекұлы, Такенов Әнуарбек Таңдыбайұлы, Ерназаров Ғалымжан Тоқтарұлы, Сағынаев Асқар Шаяхметұлы, Терсебаев Бақытбек Саяқұлы қатысты.

Іс-шара барысында Ауған соғысының ардагерлері құттықтау сөз сөйлеп, өлең оқыды, ал № 15, 18, 19, 21, 35 мектеп оқушылары концерттік бағдарламамен сөз сөйледі.

Шара соңында Нұр-Сұлтан қаласының “Тарихи-мәдени мұра объектілері мен ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету дирекциясы” МКҚК-ның  “Ер есімі-ел есінде” мемориалды тақталарына салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды.