Жаңалықтар
Тағайындау туралы
12.06.2017«Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Мәдени-көркем іс-шаралар бөлімінің бас маманы бос әкімшілік лауазымына Ахметова Индира Әлімжанқызы, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын пайдалану және мемлекеттік есеп бөлімінің бас маманы уақытша (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс мерзіміне) бос әкімшілік лауазымына Орынбасарұлы Әділ 2017 жылдың 9 маусымынан бастап қабылданды.
Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжатама басқармасындағы сұхбаттасуға жіберілген «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үміткерлердің тізімі (Жалпы конкурс)
01.06.2017Сұхбаттасу өтетін күні: 2017 жылғы 5 маусым сағат 16-00
№ |
Аты-жөні |
санаты |
ескерту |
1. |
Ахметова Индира Әлімжанқызы |
Д-О-4 |
|
2. |
Орынбасарұлы Әділ |
Д-О-4 |
|
3. |
Жамбылова Майра Саматқызы |
Д-О-4 |
«Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жалпы конкурсты өткізу туралы хабарландыру
22.05.2017Конкурстың барлық қатысуышыларына жалпы біліктілік талаптары:
D-О-4 категориясы үшін: Жоғары білім; Келесі құзырлардың болуы: бастамалық, коммуникативтілік, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы:
Категория |
Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне қарай |
|
min |
max |
|
D-О-4 |
83 282 |
112 431 |
D-О-4 |
83 282 |
112 431 |
«Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекетік мекемесі (инд. 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, анықтама телефондары: 8(7172) 55-67-75, факс 8(7172) 55-73-01, 757 кабинет, ([email protected]), төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурсты жариялайды:
1.Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Мәдени-көркем іс-шаралар бөлімінің бас маманы (категория D-O-4, 1 бірлік).
Негізгі функционалдық міндеттері: Мәдениет басқармасы мен оның құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік тіл заңнамаларының орындалуын қадағалайды. Қызметкерлердің мемлекеттік тілде оқуына жауапты. Тіл туралы заңнама талаптарына сәйкес сала бойынша қала әкімінің өкімдерін, шешімдерін, қаулы жобаларын және шығыс хаттарына бақылау жүргізеді. Бөлімнің іс жүргізу жұмысына жауапты. Бөлім қызметінің талдау жұмыстарын өткізуге, жинауға, жүйеге келтіруге, статистикалық ақпаратты есепке алуды жүзеге асыруға ат салысады. Басқарма құжаттарын (анықтамалар, ақпараттық-талдау хаттар) дайындауға қатысады. Азаматтардың өтініштерін қарастыруға қатысады. Бөлімнің іс жүргізу жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізеді. Басқарма веб-порталына ақпаратты мемлекеттік тілде орналастыруды реттейді. Қазақстан Республикасында мүгедектердің өмірін жақсарту және құқықтарын қамтамасыз етуде іс-шаралар жоспары бойынша ақпарат және есеп дайындайды.
Білімі бойынша талаптар: Өнер; Білім; Гуманитарлық ғылымдар; Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; Құқық; салаларындағы жоғары білім
2. Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын пайдалану және мемлекеттік есеп бөлімінің бас маманы (негізгі қызметшінің бала күтімі демалысы кезеңіне) (D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Негізгі функционалдық міндеттері: Басқарманың ведомстволық мұрағатына тапсыруға дайындау мен тапсыру, мұрағат iсiн мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстың жай-күйін және оның ұйымдастырылуын талдау, Басқарманың мұрағат iсi мәселелері жөніндегі әдістемелік жұмысын ұйымдастыру, Астана қаласы Мемлекетік мұрағатының жоспарлары мен есептерін талдау, олар бойынша ұсыныстар мен қорытындылар дайындау, Басқарма қызметін электрондық құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжатайналым мәселелері бойынша ақпараттық құжаттар дайындау, Басқарманың ведомстволық, электрондық мұрағатының қызметіне жауапты болу, сондай-ақ осы мәселе бойынша тиісті құжаттар дайындау, Басқарманың істер номенклатурасын әзірлеу мен нақтылау; бөлімдерде істердің дұрыс қалыптасуын бақылауды жүзеге асыру, «Мұрағат анықтамасын беру» мемлекеттік қызметін көрсету жөнінде мемлекеттік органдармен өзара жұмыс істеу. Басқармада құпиялылық режимін қамтамасыз ету және оны Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында ұйымдастыру, ерекше манызды, аса құпия және құпия істер номенклатурасын құруда, құпиялық іс жүргізу мен құпия құжаттарды сақтауда мекемелерге, ұйымдар мен кәсіпорындарға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету, құпия құжаттарды сақтау мәселелері бойынша әдістемелік құрал әзірлеу, семинарлар ұйымдастыру мен өткізу, құпиялық іс жүргізу және қорғауға жататын құпия құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара жұмыс істеу, Қалалық құпия сараптау – тексеру комиссиясының отырыстарын дайындау мен өткізу. Азаматтардың өтініш-хаттарын қарастыруға жауапты.
Білімі бойынша талаптар: Гуманитарлық ғылымдар; Білім; Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; Құқық; салаларындағы жоғары білім
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:
1) нысанға сәйкес өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі). Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру “Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы” мемлекеттік мекемесінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет icтepi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Астана қаласы бойынша департаментінің интернет-ресурсында соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде“Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы” мемлекеттік мекемесінде (010000 Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 11 үй, № 757 кабинет) қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде“Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы” мемлекеттік мекемесінде (010000 Астанақаласы Бейбітшілік көшесі, 11үй) өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Эксперттер ретінде конкурсты жариялаған мемлекеттік органның қызметкерлері болып табылмайтын, бос лауазымның бағытындағы тиісті функционалдық бағыттардың саласында жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде ғылыми салада, сондай-ақ персоналды іріктеу және жылжыту бойынша мамандардың, басқа мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары бола алады.
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.
Конкурс қорытындысы бойынша өнер бөлімінің бас маманы лауазымына «D-О-4»санаты бойынша Кербез Оразбайқызының кандидатурасы ұсынылды.
28.06.2016Конкурс қорытындысы бойынша өнер бөлімінің бас маманы лауазымына «D-О-4» санаты бойынша Кербез Оразбайқызының кандидатурасы ұсынылды.
Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжатама басқармасындағы сұхбаттасуға жіберілген «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үміткерлердің тізімі (Жалпы конкурс)
23.06.2016 Сұхбаттасу өтетін күні: 2016 жылғы 27маусым
сағат 15-00
№ |
Аты-жөні |
санаты |
ескерту |
1. |
Оразбайқызы Кербез |
Д-О-4 |
|
2. |
Баймуханова Айдана Алдашқызы |
Д-О-4 |
|
3. |
Раймкулова Шекер Сайфадинова |
Д-О-4 |