«Шабыт» 2017

Жас скрипкашы Жібек Мусургалиева «Шабыт-2017» фестивалінің жеңімпазы атанды

08.11.2017

18 жасар скрипкашы Жібек Мусургалиева ХХ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің ҚР Президенті Кубогының иегері атанды. Фестивальдің салтанатты жабылу рәсімі мен жоғары наградалардың иегерлерін марапаттау «Астана» концерт залында өтті.

Дәстүр бойынша әр номинация бойынша қазылар алқасы Гран-при иегерін анықтайды. Кеш осы жеңімпаздарды марапаттаудан басталды.

«Классикалық музыка» номинациясында бірнеше жеңімпаз анықталды: ...

«Шабыт» фестивалінің жүлдегерлері марапатталды

07.11.2017

ХХ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі мәресіне жетті. Конкурсанттардың көрнекі қойылымдары аяқталды, алда – ҚР Президенті    кубогының иегерін анықтау ғана қалды.

Бүгін Қазақ ұлттық өнер университетінің Ж. Жабаев атындағы залында фестиваль лауреаттары мен дипломанттарын марапаттау салтанаты өтті.

 «Классикалық музыка» номинациясында қатысушылар бірнеше санат бойынша өнер көрсетті: скрипка; альт, виолончель, ...

Шабыт» фестивалінің Бейнелеу өнері номинациясы бойынша қатысушылар көп

06.11.2017

«Шабыт» фестивалінде «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша 200-ден аса жас суретші мен мүсінші бағын сынауда.

Биыл аталған номинация екі бағытқа бөлінді: мүсін және сәндік-қолданбалы өнер. Қазылар алқасының құрамына танымал суретшілер, қолданбалы өнерде аты аңызға айналған тұлғалар енді, оның ішінде Құттыбек Жақыпов, Батима Заурбекова да бар. Қазылар алқасына Астананың Суретшілер одағының төрағасы, белгілі мүсінші Тоқтар Ермеков жетекшілік ...

«Шабыт-2017» фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша қорытынды шығарылды

06.11.2017

Орталық балалар – жасөспірімдер кітапханасында «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша конкурсанттардың тәлімгерлермен, белгілі ақындармен, прозаиктармен және қазылар алқасының мүшелерімен қорытынды кездесуі өтті. Дөңгелек үстел басында шығармашылық жолына енді ғана түскен жазушылар алған әсерлерімен бөлісіп, фестивальді ұйымдастырушыларға өз дарындарын көрсетуге берген мүмкіндіктері үшін ...

«Шабыт» фестивалінің «Классикалық музыка» номинациясы бойынша тыңдаулары өтіп жатыр

06.11.2017

Елордалық концерттік алаңдарда ХХ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне қатысушылар арасындағы жарыс үзіліссіз өтіп жатыр.

Алғашқылардың бірі болып қазылар алқасының алдында «Классикалық музыка» номинациясы бойынша қатысушылар өнер көрсетуде. Биыл байқау скрипкашылар, альтшылар, виолончелистер, контрабасистер мен вокалшылар арасында өткізіліп отыр. Әдеттегідей, тыңдаулар фестивальдің серіктесі – Қазақ ұлттық өнер университетінің ...

«Шабыт» фестивалінде цирк өнері номинациясы бойынша қатысушылар өнер көрсетуде

06.11.2017

ХХ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің ең көрнекті номинацияларының бірі цирк өнері болып табылады. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Латвия елдерінен келген 40-тан аса конкурсант Астаналық циркте бас жүлде – ҚР Президентінің Кубогын сарапқа салады.

- Біз көрсетілімдерді 2 бағдарламаға бөлдік, барлығы 22 номер болады, оның бірі конкурстан тыс болады. 6 қарашада қорытынды гала-шоуға қатысатын үздік 10 номер анықталады. ...

«Шабыт» фестивалі шымылдығын ашады

«Шабыт» вновь открывает свои двери 03.11.2017

Бүгін Астанада ХХ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі шымылдығын ашады. Биыл шара барысында Қазақстанның және әлемнің басқа да мемлекеттерінің түкпір-түкпірінен жиналған 515 адам бағын сынайды. Оның ішінде 100 талант елорданың намысын қорғайтын болады. Өзбекстан, Ресей, Башқұртстан, Латвия, Армениядан келген конкурсанттар Астанада бас қосады.  

Фестивальдің ашылуы қарсаңында ұйымдастырушылар мен қазылар алқасының өкілдері ...

«Шабыт» фестивалі 20-шы рет өткізіледі

03.11.2017

«Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне  қатысуға 515 өтінім берілді. Астана атынан байқауға 100 адам қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Астанада қарашаның 3-і мен 7-сі аралығында XX «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалі өтеді. Фестиваль  «Классикалық музыка», «Бейнелеу өнері», «Халық музыкасы», «Цирк өнері», «Үздік әдеби шығарма», «Актерлік шеберлік» аталымдары бойынша өткізіледі», - ...

«Шабыт» көтеріңкі көңіл күй сыйлайды

03.11.2017

«Астана» концерт залында ХХ «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Әдеттегідей, фестиваль шымылдығын Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев ашты.

- Елорда әкімі Әсет Өрентайұлы Исекешевтің атынан «Шабыт» жастар шығармашылығы фестиваліне қатысушыларды құттықтаймын. Фестиваль 20 жылдан бері өсіп, дамып, өркендеп, елордамен бірге жетіліп келеді. Осы жылдар ішінде көптеген жаңалықтардың куәгері ...

«Шабыт» фестивалінде 500-ден астам қатысушы бағын сынайды

01.11.2017

Астанада қарашаның 3-і мен 7-сі аралығында XX «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалі өтеді. Фестиваль номинациялары:  «Классикалық музыка», «Бейнелеу өнері», «Халық музыкасы», «Цирк өнері», «Үздік әдеби шығарма», «Актерлік шеберлік».

Фестивальге қатысуға 515 адам өтінім берді. Байқауда 100 адам Астананың намысын қорғайды, қалған қатысушылар Қазақстанның өңірлерінен және Өзбекстан, Ресей, Башқұртстан, Латвия, Армения сияқты ...