«Астана» спорт мектебінің хоккейшісін АҚШ-тың жасөспірімдер лигасына шақырды

17.05.2018

Елордалық №10 хоккей мектебінің тәрбиеленушісі Владислав Сайко USHL – АҚШ-тың ең мықты жасөспірімдер лигасына шақырылды. Астаналық спортшы Des Moines Buccaneers командасында ойнайтын болады.

17 жасар спортшы – ҰХЛ үшін спортшыларды дайындайтын басты америкалық лигаға шақырылған алғашқы қаақстандық хоккейші. Әрине бұл Владиславтың қажырлы еңбегінің жемісі, сондай-ақ «Астана» спорт мектебінің оқытушыларының еңбегі.

«Астана» – 2001 командасының бұрынғы капитаны Владислав Сайко Сәтбаев қаласында туған. Кішкентай кезінде оны жаттықтырушы Роберт Мазинш байқаған. Болашағынан көп үміт күттіретін Владислав ата-анасының рұқсатымен елордаға ауысып, №10 «Астана» хоккей мектебінде білім алады. Балалар-жасөспірімдер командасының сапында үш маусым бойы ойнаған форвард бір алтын және екі күміс медаль алды.

Елордалық «Астана» спорт мектебінің шабуылдаушысы 2016 жылғы маусымды «Эссят» фин клубының жүйесі бойынша өткізді, ол үш жас санатында өнер көрсетті 16 жасқа дейін, 17 және 18 жас. Спортшы 34 матчта 45 (22+23) ұпай жинаған.

Біраз тәжірибе жинаған Владислав Сайко «Астана»кәсіпқойлар командасында ойнай бастайды. 2017/2018 маусымда 36 (20+16) ұпай жинады, сондай-ақ «Құлагер» командасының (Петропавл) сапында өнер көрсетті. Әлем чемпионатында елордалық хоккей мектебінің форварды Словения құрамасымен кездесуде қазақстандық жастар құрамасының сапында дубль (екі шайба кіргізді) орындап, үш ұпай (2+1) жинады.

USHL – Американың басты жасөспірімдер хоккей лигасы, ол 16 хоккей клубынан тұрады. USHL құрамына 16-20 жастағы ойыншылар кіреді. USHL Солтүстік Американың ең мықты жасөспірімдер лигасының бірі – Горди Хоу, Брендон Боченски, Джо Повелски, ҰХЛ клубының шабуылдаушысы Ти Джей Оши сынды танымал ойыншылар және т.б. осы лигадан шыққан. Лиганың көптеген түлектері олимпиада чемпиондары атанған.

Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы