«Шабыт» тынысы: 117 конкурсант «Эстрадалық вокал» номинациясында бағын сынауда – Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы

«Шабыт» тынысы: 117 конкурсант «Эстрадалық вокал» номинациясында бағын сынауда

08.11.2018

«Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі басталды. Биыл «Эстрадалық вокал» номинациясы қатысушылар арасында кеңінен танымал. Байқаудың бірінші турында оған 117 адам қатысты. Жас вокалистер «Астана» концерт залының сахнасында өнер көрсетуде.

Айта кетейік, барлық номинациялар бойынша тыңдауларды тамашалауларыңызға болады.

Егер жанды зор дауыспен орындалатын көпшілік сүйіп тыңдайтын халық әндері мен әлемдік хиттерді тыңдағыңыз келсе, онда «Шабытқа» келіңіздер. Өйткені «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша тыңдауларды нағыз концерт деп айтуға болады. Жүргізуші кезекті орындаушыны сахнаға шақырады, ал шымылдық артындағы конкурсанттар қатты толқып, өз кезектерін күтуде, біреулері дауыстарын келтірсе, басқалары сахналық бейнелерін реттеуде, «сахнаға спорттық шалбар мен футболкада шықпайсың ғой» дейді енді беулері.

Қазылар алқасының кеңестері мен тілектерінен кейін, әркім өз кезегін күтеді.

Рада Әубәкірова фестивальге Астананың атынан қатысуда, ол бірінші болып өнер көрсетті. Вокалдан сабақ беретін педагог, екі баланың анасы еш қорыққан жоқ. Раданың айтуынша, маңыздысы бірінші немесе соңғы болып өнер көрсету емес, бастысы жаныңды салып ән айту. Орындаушы фестиваль туралы соңғы күндері естіген екен, құрбысы байқау ережесін интернеттен тауып алып жіберген екен.

– Менің анам композитор, әкем ақын, мен олардың авторлық қызметтерін дамытамын. Бәріміз бірге балалар мен ересектерге арналған әндер жинағын шығарамыз. Бүгін Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін орындадым. Бұл менің ең сүйікті әнім. Ол ана туралы, оның жүрегім қалағандай айтып бердім.

Бала кезімнен түрлі байқаларға қатысып келемін. Бірақ вокалды да үйрену керек деп ойламаппын, өйткені, кез-келген адам ән сала алады дейтінмін. Ендігі арманым – өнер университетіне түсіп, үздік педагогтардан тәлім алу. Мен үшін «Шабыт» жоғары шығатын тағы да бір саты, бұл мен үшін үлкен құрмет, – дейді Рада.

Тыңдау барысында халық әндері де, бірнеше ұрпақ тыңдап өскен композициялар да, тіпті заманауи хиттер де орындалды. Кейбір қатысушылар сахналық образды хореографиямен және бишілермен толықтырған екен.