Астанада туристік көпсайыс бойынша қала кубогының 4 кезеңі өтеді – Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы

Астанада туристік көпсайыс бойынша қала кубогының 4 кезеңі өтеді

21.12.2018

2018 жылыдың 21-23 желтоқсан аралығында Астана қаласының Политехникалық колледжінде Астана қаласы кубогының 4 кезеңі (финал) және туристік көпсайыс (жасанды рельефте) бойынша ашық аймақтық жарыс өтеді.

Іс-шараның мақсаты – Астана қаласы мен өңірлердің мықты командалары мен спортшыларын анықтау.

Жарыстың басты міндеттері: туристік көпсайысын дамыту және насихаттау, тактикалық және техникалық спортшылардың шеберлігін арттыру, Астана қаласында бұқаралық спорт туризмін насихаттау және одан әрі дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жұмыс тәжірибесімен алмасу.

Жарысқа Көкшетау, Қарағанды, Шахтинск, Астана қалаларынан 100-ге жуық спортшы екі жас санатта (14 жасқа дейінгі және 15 жастан жоғары).

Жарыс бағдарламасы:

21 желтоқсан 16.00 – мандаттық комиссияның отырысы, атаулы өтінімдерді қабылдау

22 желтоқсан 10.00 – жарыстың ашылуы;

10.30 – «жеке-командалық» қашықтық;

23 желтоқсан 09.00 – «командалық» қашықтық;

17.00 – жарыстың жабылуы, марапаттау рәсімі.