«Жастар» театрында «Код доступа» театрлық қойылымының премьерасы өтеді

16.05.2019

1 маусым күні сағат 19:00-де «Жастар» театрында «Код доступа» театрлық қойылымының премьерасы өтеді.

Қазақстандағы Жастар жылында және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде, мәдениет саласындағы жалпы мемлекеттік саясатты басшылыққа ала отырып, «Жастар» Сарайы театр өнері арқылы сананы жаңғырту үшін қоғамның азаматтық-патриоттық рухын қолдауға ұмтылады.

«Код Доступа» театрлық қойылымын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар» Сарайы» МКҚК «М-Арт» театрлық студиясының кәсіби құрамы көрсетеді.

Көңілділер мен тапқырлар клубының жастар бағытынан шыққан екі тамаша актеры: Нұржан Бейсенов («Астана KZ», «Золотой голос» КВН жұлдызды командасының қатысушысы, «Сочи-2002» КВН қатысушысы, шоумен, жүргізуші, әнші, актер), сондай-ақ Алексей Фетисов («Спарта – Астана» командасының құрамындағы КВН жоғары лигасының чемпионы, «Астана KZ» КВН командасының қатысушысы, шоумен, жүргізуші, актер) 1,5 сағат бойына көрермендердің назарын мульти жанрлы (драма, комедия, экшен, мюзикл және т.б.) «Код доступа» қойылымына аудартады.

Қазақстандық автор Ю.Титовский өзінің пьесасында отбасындағы, бизнестегі өзара қарым-қатынастар туралы моральдік мәселелерді көтереді; достық пен сатқындық, ұлтаралық келісім, адалдық пен сүйіспеншілік тақырыптарын ашады.

Қойылым режиссеры С.В.Грабовская «Жастар» Сарайы» МКҚК жанындағы «М-Арт» театрын басқарады; «Арт-Лицей» Мәскеулік театр фестивалінің Бас жүлде иегері атанды; «Шабыт» халықаралық байқауының лауреаты (эстрадалық номинация) және т.б. Светлана Грабовская қойылымды авторлық жаңашылдық амалдармен, тосын жайт элементтерімен толықтырып, қазақстандық өң-бейнесіне дем бергендей.

Қойылым бір сарында көрініс табады және көрерменге жеңіл насихаттамалы түрде терең адами ұстанымдар жайлы ойнануға ұсыныс білдіреді.