«Нұр-Сұлтан қаласындағы Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионын қайта жаңарту және пайдалану» жобасы бойынша екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа бастамашылық жасау туралы хабарлама

11.02.2020

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі атынан «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, «Нұр-Сұлтан қаласындағы Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионын қайта жаңарту және пайдалану» мемлекеттік жеке әріптестік жобасы бойынша (Бұдан әрі-МЖӘ жобасы) екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

МЖӘ объектісі-қайта жаңғыртылған Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион. Стадион келесі мекен-жайда орналасқан: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі, 14 үй.

Конкурсқа қатысу үшін және ұйымдастырушыға беруге қажетті құжаттар тізбесі және әлеуетті жеке әріптестерге қойылатын талаптар келесі құжаттамаларда көрсетілген:

– МЖӘ жобасына техникалық ұсыныстарды ұсыну үшін техникалық тапсырма;

– Біліктілік талаптары, сондай-ақ әлеуетті жеке әріптестердің МЖӘ туралы заңнамаға сәйкес қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға қойылатын талаптар.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды осы конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 8-30-дан 13-00-ге дейін және 14-30-дан 18-00-ге дейін келесі мекен-жай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, каб. 744, «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ.

Әлеуетті жекеше әріптестер конвертпен бекітілген техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды, сондай-ақ біліктілігі бойынша іріктеуге арналған құжаттарды қолма – қол келесі мекен – жай бойынша табыстайды: «Нұр-Сұлтан Мәдениет және спорт басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы, Нұр-сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, каб. № 744 табыс етеді

Конкурсқа қатысуға талап етілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2020 жылдың 25 сәуірі сағат 13.00-ге дейін.

Анықтамалық ақпаратты «AstanaInvest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС-дан телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 64 72 14, +77014883569.