Елордада әл-Фарабиді мерейтойына арналған танымдық шаралар өтті

12.02.2020

Жыл сайынғы есептік жоспар бойынша біздің күнтізбелік күніміз Дирекциядан тыс Нұр-Сұлтан қаласының мектептерімен, білім беру ошақтарымен, түрмелерде (арнайы орындарда) бас бостандығынан айырылған адамдарға және т.б. мекемелерде келісілген тәрбие беру сабақтарында ыңтымақтастықты нығайту мақсатында тығыз байланыс орнатамыз.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына орай, болашақтың адамы қандай болуы керек екендігін және адамзаттың рухани санасын сақтау үшін не істеу керегін көрсетіп оларға әр түрлі мақсаттағы оқу-танымдық, жобалы-іздестіру, әрі зияткерлік сайыстар ұйымдастырып, өзіндік пікір алмасулар, дөңгелек үстелдер мысалы ретінде Ж.Жабаевқа, А.С. Пушкинге, Р.Қошкарбаевқа, Б.Момышұлына, Ә.Молдағұлова, М.Маметоваға, Бөгенбай батырға және т.б ескерткіштердің жанында іс шараларды № 4,14,15, 43, 46, 47, 54,83 мектептерімен жетілдірдік.

Әр сабақ, дәріс сайын өзіміз де балалармен бірге дамып, олармен тілдесу арқылы, қарым-қатынас орнатқан сәтте көкейкесті проблемалардың шешімін табамыз. Балалар сабақта белсенділік танытып, сан түрлі қырынан көрінеді. Олардың қызығушылығын арттырып, күнделікті дамуына өз үлесімізді қосып, біздің қарамағымыздағы ескерткіштерді насихатап мәліметтерді жеткізіп жүрміз.

Өткізіліп жатқан шаралар балаларды баурап алады, олар келесі жұма күнгі болатын бізбен кездесуге асығып, сабақтарына қатысуларына өтінім білдіріп, бізді де, өздерін де жігерлендіріп қояды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап ғылыми-зерттеу бөлімінің мамандары білім беру мекемесі салаларында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған әр түрлі нысанда шаралар өткізуде.

«Оқысаң ғылым қорын білім асар, қөңілдің кіршік басқан көзін ашар» дегендей – Ұлы ойшыл, кемеңгер Әбу Насыр Әл-Фараби « Адамдар баққытты болуы үшін біріне-бірі көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала- ізгі қала болады . Халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отырған қоғам

да ізгі қоғам болады .Сол сияқты халықтардың бәрі бақытқа үмытылып, біріне-бірі көмектесіп отырса ,бүкіл жер жүзі ізгі болар еді »,-дегендей осы асыл мұраларды, жалпыадамзаттық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытып, рухани-адамгершілік тәрбиесін қоғамның барлық саласына енгізген сайын егеменді еліміздің ертеңі айқын,болашағы жарқын болары сөзсіз.

Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мухаммед Фараби ерте орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың бірі болып табылады. Ол көпжақты оқымысты-энциклопедист және шығыс рационализмін қалыптастырғандардың бірі болды. Осы себепті оған “Аристотелден кейінгі екінші ұстаз!” деген құрметті атақ берілген. Әл Фарабидің, бір кездері Орта Азияның ертедегі мәдени орталығы болған қала Отырарда туылғаны тарихтан белгілі. Әл Фараби осы Отырарда, өзінің ана тілі қыпшақ тілінде бастауыш білім алады. Фарабидің еңбегі мен әрекет дәуірі араб мәдениетінің даму дәуірімен тұстас келді. Әлемнің атақты оқымыстылары, философтары, ақындары, музыканттары, Бағдатқа жиналды және онда ғылым академиясы мен университет ашады.

Бағдат оқымыстыларының арасында Орталық Азия мен Қазақстаннан шыққандар құрметті орындарды иеленді. Солармен бірге Бағдатқа – білімнің барлық саласынан; музыкадан бастап астрономияға дейін хабары бар Фараби де келді. Фараби тіл ғылымының, калеграфияның, лингвистиканың, өлең құрастырудың, риториканың ірі теоретигі ретінде танылды. Сауатты жазу, каллиграфия, өлең жазуға риторикадан трактовкалар жазды.

Әбу Насыр ал-Фараби – жан-жақты дамыған музыкант әрі компазитор, мәнерлеп орындаушы әрі теоретик, тарихшы, музыкалық аспаптарды жасаушы шебер болды.

Оның көптомдық “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы көптеген тілдерге аударылған. Фараби трактаттары біздің заманымызға дейін аса жоғары бағаланады. Фараби геометрияны барлық жаратылыстық-философиялық ғылымдардың негізі деп қарады. Ұлы идеаны “Философияны меңгерудің қажетті шарттары” деген трактатында анық келтірген.

Астроном және астролог ретінде Фарабидің беделі жоғары болды, ол бұл ғылымдарды арифметика, геометрия, музыка сияқты жоғары педагогикалық ғылымдар категориясына жатқызды. Физика мен жалпы жаратылыстанудан жазған Фараби еңбектері белгілі. Жалпы физикалық және жаратылыс құбылыстарын зерттеуде ол эксперименттер жасау қажеттілігін атап көрсетеді.

Фараби тамаша дәрігер ретінде де белгілі. Дәрігерлік қызыметіне байланысты Фараби, сол замандағы басқа да дәрігерлер сияқты, алхимиямен, ботаникамен, минерологиямен айналысады. Ғылымның бұл салаларының бәрі жаратылыстану құрамына кіретін. Фараби географияға көп көңіл бөлді. Саяхатшы ретінде ол, Қазақстан мен Орталық Азияның, Таяу Шығыстың, Африканың көптеген ғылыми және мәдени орталықтарында болды. Оның Отырарда, Талас, Шаш,

Самарқанд, Бұхара, Хива, Кабул, Бағдат, Дамаск қалаларында болғаны құжат түрінде белгілі. Барлық елдер мен қалаларда, Фараби жаратылыс зерттеушісі, географ және астроном ретінде аймақты оқып үйренді, орынның координаталарын анықтады т.б. Жаратылысы тануға Фараби басты мән берді. Ол, “қандай да бір педагогикалық ғылымға қарағанда, табиғат туралы ғылым әлдеқайда бай және кең көлемді болып келеді” деп жазды. Өзінің басқа бір еңбегінде “философияны оқып үйренуден бұрын табиғат туралы ғылымды игеру керек, өйткені бұл ғылым адамға барынша жақын, мәндері анық және оған түсінікті ғылым саласы” деп жазады.

Философия саласында Фараби өз заманындағы теңдесі жоқ тұлға саналды. Оның негізгі көзқарасы – рациональдық. Оның философиялық еңбектерінде Аристотель, Платон және басқа ертедегі данышпандардың философиялық еңбектеріне коментарийлер жазуға көп орын берілген. Фарабидің тамаша, өте бағалы еңбегі “Даналықтың маржандары” деген трактаты 1000 жылдан бері Шығыс университеттерінің оқулық құралы болып келеді.

Фараби еңбектері Европаның Қайта өрлеуінде үлкен рол атқарды. Бэкон, Л. Да Винчи, Коперник, Кеплер, Лейбниц сияқты оқымыстылар өз жетістіктері үшін Фарабиге қарыздар.Бүкіл өркениеттің жан дүниесін даму бағытындағы оның білімін бағалау оңай емес.

Әбу Насыр «Әл-Фараби қазақ мәдениетіне тигізген үлесі орасан зор. Ұлы ғұламаның ойшылдық тарихымыздағы философиясы, таным теориясы, музыкасы, логикасы, саясат пен этика туралы пәлсапалық ойлары -ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.

Дирекцияның жоспары бойынша осы тақырыпты мектеп баларына әр- түрлі форма ретінде өткізілудеміз. Әр сынып сағаты кезінде, ашық сабақ өткізген уақытта да, зияткерлік ойындар өткізу барысында да бөлім қызметкерлері (мамандары) жас жеткіншектерге, оқушыларға, студенттерге осы танымдық -философиялық ой-тұжырымдамаларын бойларыңа сіңіріп, жеткізуге тырысады.

«Қазақстан-2050» стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында

«Біз өзіміздің ұлтық мәдинетіміз бен дәстүрлерімізді осы әр алуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек.

Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді

сақтауды қамтамасыз ету дирекциясы